Мәзір

Ауғанстанда құны $12 млн келісімшарттарға қол қойылды

30.04.2024
Ауғанстанда құны $12 млн келісімшарттарға қол қойылды

Кабулда 35 отандық компания Қазақ-Ауған бизнес форумы және осымен аттас көрмеде өз өнімдері мен қызметтерін ұсынды. Бұл жөнінде World of NAN порталы QazTrade ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бизнес-форумның ашылуында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин атап өткендей, Ауғанстан делегациясының өткен жылғы Астанаға сапарының қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта өзара тауар айналымын 3 миллиард долларға жеткізу міндетін қойды. 2023 жылы елдеріміз арасындағы сауда көлемі азайып, 636,5 миллион долларды құрады.

Бұл ретте Қазақстанның ауған нарығына тауарлардың экспорттық ассортиментін кеңейту үшін айтарлықтай әлеуеті бар.

Ал Кабулдағы сауда-экономикалық миссияның нәтижесінде отандық кәсіпкерлер Ауғанстан нарығына құны 12 миллион доллардан асатын күнбағыс майы, жарма өнімдері мен ұн жеткізу туралы келісімге келді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии