Мәзір

Ауылшаруашылық тауарын өндірушілер үшін КТС мөлшерлемесі төмендетілмек

21.06.2024
Ауылшаруашылық тауарын өндірушілер үшін КТС мөлшерлемесі төмендетілмек

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында Ұлттық экономика вице-министрі Асқар Әмрин жаңа Салық кодексінің жобасымен таныстырды. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін мөлшерлеме аздап төмендейді, деп хабарлайды World of NAN.

Корпоративтік табыс салығының базалық мөлшерлемесін сол күйі қалдырылып, ол 20 пайыз болады. Ал банк секторы мен ойын бизнесі саласында мөлшерлеме 25 пайызға дейін көтеріледі. Қайта өңдеу өнеркәсібі мен медицина, білім беру сияқты әлеуметтік салаларда, қаржылық лизинг секторында 10 пайыздық төмендетілген мөлшерлеме болады. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі үшін өңдеу деңгейіне қарай, әлеуметтік салаға, қаржылық лизингке 10%, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 3% төмендетілген мөлшерлеме қолданылатын болады.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін корпоративтік табыс салығының базалық мөлшерлемесі 3 пайыз деңгейінде белгіленді. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 10% құрайды. Осы салаға салынатын салықты 70 пайызға азайтып жатырмыз. Сонда 3 пайызы қалады», – дейді Азамат Амрин.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін КТС мөлшерлемесі төмендетілгенімен, басқа салаларға салынған салықтар немесе алымның басқа да түрлері осы секторға мультипликативті әсер етуі мүмкін.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии