Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев Ауыл шаруашылығы министрлігінің импортты алмастыру мақсатында сүт-тауарлы фермалар құрылысын қаржыландыру жөніндегі ауқымды жоспары туралы айтты, деп хабарлайды World of NAN.
Естеріңізге сала кетейік, сүт тауарлы фермалардың құрылысын мемлекет 10 жылға жылдық 2,5 пайызбен қаржыландыру туралы шешім қабылдаған. Биыл бұл мақсатты жүзеге асыру үшін 100 миллиард теңге бөлінді. Дегенмен жаңа кәсіпорындардың Қырғызстан, Ресей және Беларусь елдерінің өнімдерімен қалай бәсекелесе алатыны әлі белгісіз.
«Бүгінде Ресейде биржада сүт 70 теңгеден 130 теңгеге дейін болса, біздің базарларда 200 теңгеден жоғары. Шекарамыз ашық, протекция мүлдем жоқ, көршілеріміздің сүтін қалай бөгеп жатырсыздар? Осы миллиардтаған жобаларды белгілі бір уақыттан кейін сақтап қала аламыз ба?», - деп сұрайды депутат.
Фермерлер, әрине, үлкен тәуекелге барады, өйткені олар сүт фермаларын салу үшін 8 миллиард теңгеге дейін несие алады. Олар демпингке тап болса, бұл қарыздық міндеттемелерді қалай өтей алады?
Айта кетейік, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков жергілікті тауар өндірушілерді демпингтен қалай қорғайтыны туралы сұраққа жауап бере алмады. Сондықтан жағдай әлі де түсініксіз және жаңа сүт-тауарлы фермалардың келешегі қиын жағдайда.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение