Мәзір

Арыста ең ірі мал бордақылау алаңы салынып жатыр

22.05.2024
Арыста ең ірі мал бордақылау алаңы салынып жатыр

Түркістан облысында 50 мың басқа арналған Қазақстандағы ең ірі мал бордақылау алаңының құрылысы басталды. Бұл туралы World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жобаны Арыс қаласында «Turkestan Agro.kz» компаниясы жүзеге асырып жатыр. Бірінші кезеңде биыл 15 мың бас, 2025-2026 жылдары – тағы 10 мың, 2026-2027 жылдары – 25 мың бас сатып алынады. Құрылыс, бордақылау және мал жаю схемасының барлығы мал шаруашылығының австралиялық «торлы» әдісімен жасалады.

Мұнда компания жаңбырлатып суару технологиясын қолдана отырып, 4710 гектар аумақта мал шаруашылығына арналған азықтық дақылдарды өсіруді жоспарлап отыр. Бұл бордақылау алаңындағы малдарды қажетті жеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Серіктестік басшысы Сырым Ертаев қазіргі таңда ауылшаруашылық қаржы институттары тарапынан агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларға бөлінетін жеңілдетілген қаржыландырудың болмауынан құрылыс жобасын жүзеге асыру баяулағанын айтты. Көксарай каналынан суармады суды пайдалануға рұқсат алуда да мәселелер бар.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии