Мәзір

Ірі фермерлер аустралиялық мал шаруашылығы әдістерін енгізеді

14.12.2023
Ірі фермерлер аустралиялық мал шаруашылығы әдістерін енгізеді

Аграрлық салада өзіндік орны бар бес компанияның өкілдері – «Олжа Агро» ЖШС, «Терра» ЖШС компаниялар тобы, «Қарасу-Астық» ЖШС, «Қайып ата» ЖШС, «Қайыңды» ЖШС аустралиялық заманауи технологияларды ескере отырып, қолданыстағы өндіріс орындарын салу және жаңғырту бойынша пилоттық жобаға қатысуға шешім қабылдады. Бұл туралы World of NAN порталы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Олжа Агро» 2,5 мың басқа арналған асыл тұқымды мал шаруашылығы мен 5 мың басқа арналған бордақылау алаңын құруды ұйғарса, «Терра» ЖШС 100 мың басқа арналған мега бордақылау алаңын салуды жоспарлаған. «Қарасу-Астық» ЖШС ет комбинатын жаңартып, биогаз, электр энергиясы, тыңайтқыштар өндірудің жасыл технологияларын енгізу туралы шешім қабылдады.

Түркістан облысындағы «Қайып ата» ЖШС шаруа қожалығы мал азықтық дақылдарды өсірумен, мал биржасы мен қалдықтарды терең өңдейтін ет комбинатын салумен айналысады. Ал «Қайыңды» ЖШС Жетісуда жаңа мал бордақылау алаңдарын салып, барын кеңейтеді.

Әрине, кәсіпкерлер алдымен қолда бар ресурстарды, ағымдағы әрекеттерді, даму жоспарларын бағалайды, сонымен қатар австралиялық әдістердің қаншалықты қолданылатынын анықтайды. Бұл мәселеде қазақстандық фермерлерге халықаралық мамандар тобы көмектеседі.

Пилоттық жобаға қатысушылардың кейбірінің аустралиялық технологиялармен жұмыс істеу тәжірибесі бар екенін ескере отырып, нысандардың құрылысын 2024 жылдың көктемінде бастау жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі Етті мал шаруашылығын дамытудың үшжылдық кезеңіне арналған жол картасын әзірлеуде. Құжатта мал басының орташа тәуліктік салмағын арттыруға және жоғары салмақ стандарттарына қол жеткізу мерзімін қысқартуға ықпал ететін заманауи технологияларды қолдану негізінде қазіргі заманғы экспортқа бағытталған ет комбинаттары мен ірі қара мал өсіруге арналған бордақылау алаңдарын құру жөніндегі шараларды енгізу жоспарланған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии