Еуропалық Одақ Ресейден небәрі 1,5 миллион тонна астық сатып алады. Бұл көлем соншалықты маңызды емес әрі оны Африкаға бағыттауға болады. Бұл жөнінде World of NAN iz.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қатты бидайдың Италиядағы жағдайы өте сезімтал. Бұл елге экспортталған көлем Солтүстік Африкаға қайта бағытталады. Ал Қазақстанның Италия нарығын қатты бидаймен жаулап алуға толық мүмкіндігі бар.
Сарапшылардың пікірінше, майлы дақылдарды өңдеу өнімдері (шрот және күнжара), дурум, зығыр, бұршақ және сықпа көбірек зардап шегеді. Бұл дақылдардың басқа да нарықтары бар. Мысалы, шротты Түркия мен Қытай, бұршақты - Үндістан, ал дурумды Солтүстік Африка елдері: Алжир, Марокко және Тунистің нарықтарына қайта бағыттауға болады.
Ресей Солтүстік-Батыс Еуропа елдеріне өңделетін зығыр көлемінің 30%-ға дейінін, сондай-ақ шрот және қызылша сықпасын берді. ЕО елдеріне Ресей экспортының ең жоғары үлесі рапс ұнында болды - 60-65%. Беларусь оны белсенді түрде экспорттады. Қайта бағыттау үшін инфрақұрылым жеткілікті.
Осылайша астық нарығында айтарлықтай өзгеріс бола қоймайды. Қазақстан үшін ЕО нарығына зығыр және майлы дақылдарды жеткізуді ұлғайту мүмкіндігі ашылады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение