Мәзір

Күнбағыс өндірушілеріне жаңа субсидия енгізілуі мүмкін

18.03.2024
Күнбағыс өндірушілеріне жаңа субсидия енгізілуі мүмкін

Өнімін Қазақстан нарығына сатқан күнбағыс өндірушілерге жаңа субсидия берілуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай бастама әзірлеп жатыр. Үкімет басшысы Олжас Бектенов депутаттардың сауалына берген жауабында осындай ақпарат бөлісті. Бұл туралы World of NAN порталы kapital.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстанда 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап күнбағыс тұқымын экспорттауға 20%, бірақ тоннасына 100 еуродан кем емес экспорттық баж салығы күшіне енді. Премьер-министрдің айтуынша, бүгінде елімізде жалпы қуаттылығы 3 млн тоннаға жуық күнбағыс өңдейтін 60-тан астам кәсіпорын бар. Олардың қуаттылығы елімізде өсірілетін күнбағыс тұқымының барлық көлемін толық өңдеуге мүмкіндік береді.

Үкімет басшысы депутаттарға берген жауабында баж салығы енгізілгелі бері елде май өндірісінің көлемі артып, ішкі нарықтағы импортты алмастырумен қатар, экспорт та ұлғайғанын, сонымен қатар құс пен мал шаруашылығына қажет құнарлы азық өндіріле бастағанын атап өтеді. Одан бөлек, ішкі нарықта күнбағыс майының бағасы тұрақталып, экономикаға оң әсер еткенін түсіндірді.

Олжас Бектенов экспорттық баж салығы тікелей бюджетке түсетінін айтады. Өз кезегінде фермерлер жеңілдетілген дизель отыны, тыңайтқыш, суару суы, пестицид, инвестициялық, т.б. субсидиялар түрінде мемлекет тарапынан қолдау алып келе жатқанына назар аударады.

«2024 жылғы 19 ақпанда ҚР премьер-пинистрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша... Ауыл шаруашылығы министрлігіне шикізатты ішкі нарыққа сатқан күнбағыс өндірушілерін ЭБС есебінен бюджетке түсетін кіріс мөлшерінде субсидиялау мүмкіндігін зерделеу міндеті тапсырылды. Күнбағыс тұқымын жеке сата алмайтын шаруалардың мәселесін шешу үшін өңдеушілермен де келісім жасалды», - дейді премьер-министр.

Жауапта күнбағыстың жоғары экспорттық бағасы сақталып отырғаны атап өтілген. 2023 жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында күнбағыс экспортының орташа бағасы 41%-ға өсіп, 268,8 мың теңгені құрады, ал күнбағыс егіс көлемі өткен жылдың деңгейінде қалды – 1,1 млн га.

«Шикізатты экспорттауға арналған ЭБС жойылса, өңдеуші кәсіпорындардың нарықтарын жоғалту және ел экспортының шикізаттық бағытын (өңделген емес) сақтау ықтималдығы жоғары, сондай-ақ ішкі нарықта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қаупі жоғары», - деп түсіндірді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері мен «Ауыл» ХДП фракциясының депутаттары 2024 жылдың ақпан айынан бастап күнбағыс экспортына экспорттық баж салығын алып тастауды ұсынған болатын. Олардың пікірінше, фермерлер осылайша Өзбекстан мен Қытайда сұранысқа ие өнімді арзан бағаға сатуына мүмкіндік алады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии