ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстанның күріш импортына тәуелді бола бастағанын және күріш дақылының құны жылдан жылға қымбаттап жатқанын алға тарта отырып, күріш шаруашылығын көбірек субсидиялауға шақырды. Бұл жөнінде World of NAN агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі күрішті көтерме сату нарығына талдау жүргізді. Талдау көрсеткендей, күрішті негізгі өндірушілер (20-дан астам) Қызылорда облысында орналасқан. Меншікті өндірістің төмендеуі және импорт үлесінің жылдар бойынша динамикада 4-тен 12% - ға дейін ұлғаюы байқалады.
Судың жетіспеушілігіне және шығындардың өсуіне байланысты егіс алқаптарының көлемі қысқара түскен. Бұл ішкі баға өсімінің жоғары динамикасының басты себебі болды. 2022 жылы күріш бағасының өсуі 36%-ды құраса, 2023 жылы – 39%-ды құрады, бұл өткен жылы 3,4% болған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуінің жалпы деңгейінен айтарлықтай асып түседі.
Cуармалы судың жетіспеушілігі, ауыл шаруашылығы техникасы, тыңайтқыштар мен сырттан әкелінетін қаптама бағасының көтерілуі, субсидиялардың уақытылы берілмеуіне байланысты ішкі нарықтағы күріш бағасын бақылауда ұстау қиындап кетті.
Осыған орай, монополияға қарсы орган Ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидиялар бөлу кезінде күрішті басым дақылдар тізіміне енгізу, оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз етуді жоспарлауды ұйымдастыру, күріш өндірушілеріне жеңілдетілген несиелендіру үлесін арттыру, күрішті бөлшек сауда желілерімен тікелей сатып алу және тыңайтқыштар мен қаптама материалдарының отандық өндірісін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізді.
Дегенмен осыған дейін үкімет, жергілікті әкімдік, эколог мамандар мен зерттеушілер талай мәрте өңірдегі күріш алқаптарын қысқартуға шақырған еді. Олардың айтуынша, күріш шаруашылығына су тым көп әрі бейберекет жұмсалады. Күріштің орнына құрғақшылыққа төзімді басқа дақыл түрлерін егіп, шаруашылықты әртараптандыруды осынған болатын.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение