Шығыс Қазақстан облысы – еліміздің күнбағыс қоймасын ең ірі толтырушы. Қазіргі сәтте аймақтағы күнбағыстың жағдайы аса мәз емес. Бұл туралы World of NAN порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысының Глубоковский ауданында вегетациялық кезең басталғалы бері жаңбыр жаумаған. Күнбағыс құрғақшылыққа төзімді дақыл, дегенмен тіпті ол үшін мұның өзі тым ұзақ.
«Биылғы маусымда ауа райы жағдайы көптеген ауылшаруашылық дақылдарының, соның ішінде күнбағыс тұқымдарының өнімділігіне қауіп төндіреді, топырақта ылғалдың болмауы ауыл шаруашылығы дақылдарының жағдайына кері әсерін тигізіп жатыр. Топырақта ылғалдың жетіспеушілігін егістік жерге қарап-ақ байқауға болады. Алдын ала болжам бойынша, Қазақстанның шығыс бөлігінде күнбағыс өнімділігі 1,5 есеге азаяды. Оңтүстік бөлігінде одан да көп азаймақ. Басқа облыстарда да проблемалар бар. Семей облысындағы шаруашылықтарда вегетациялық маусымда жауын-шашын мөлшері 7 миллиметрді ғана құрады. Павлодар, Ақмола, Ақтөбе облыстарындағы кейбір шаруашылықтарда тіпті жас өскіннің өзі қурап кетті. Жалпы, қазіргі жағдайды қиын деп атауға болады», - дейді «Опытное хозяйство масличных культур» ЖШС бас директоры Фарид Әбітаев.
Майлы дақыл өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы да биылғы жағдай өте күрделі деп санайды. Қауымдастық жаңа маусым қиын болады деп күтіп отыр.
«Май өндірушілеріне күнбағыс дәнінің тапшылығы жағдайында жұмыс істеуге тура келеді, өйткені өнімділік төмендейді әрі қолда бар дерек бойынша, шілденің екінші онкүндігінде май зауыттарындағы күнбағыс қоры 260 мың тонна деңгейінде болған. Бұл қор жаңа егіс жинау маусымына дейін жетпейді», - дейді бірлестік басқармасының төрағасы Ядықар Ибрагимов.
Сонымен қатар, күнбағыс жәнін сырттан сатып алуға тура келетінін ескерсек, әлемдік нарықтан не күтуге болатыны да әлі белгісіз. Басқа да күнбағыс өсіруші мемлекеттер құрғақшылықтан зардап шегіп отыр. Қазақстан әдетте күнбағыс тұқымын импорттайтын Ресейде де топырақ ылғалдылығы төмен болып, бірнеше аймағы төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды.
Қазақстанда соңғы бірнеше онжылдықта ауа температурасы айтарлықтай көтеріліп келеді. Әр 10 жыл сайын орташа жылдық температура Цельсий бойынша 0,32 градусқа өсті. Соның салдарынан диқандардың егістік алқабындағы өнімді болжауы қиындап барады. Былтырғы ауылшаруашылық маусымы да құрғақ ауа райымен есте қалды, дегенмен ол кезде негізгі ыстық жаз мезгілінің екінші жартысына түскен болатын, ал ол кезде дақылдар өсіп, күш жинап алған еді. Биылғы жағдай одан анағұрлым қиын.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение