Мәзір

Маңғыстауға азық жеткізу үшін ҚТЖ-ға жеңілдетілген тарифтер енгізілді

20.09.2021
Маңғыстауға азық жеткізу үшін ҚТЖ-ға жеңілдетілген тарифтер енгізілді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы әкімдігінің сұратуы бойынша ағымдағы жылдың бірінші қарашасына дейін азық тасымалдауға жеңілдік тарифтерін енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап World of NAN.

ҚТЖ «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Маңғыстау ЖТ бөлімшесі» станциясында тағайындалумен республикалық қатынаста әмбебап меншікті вагондарда құрама жем, бидай кебегі, арпа, астық қалдықтары, азықтық шрот, күнжара, азықтық ұн, тамақ өнеркәсібінің қалдықтарын тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тарифтерді айқындады.

Мәселен, 2021 жылғы 20 қыркүйектен бастап 2021 жылғы 31 қазанға дейін тасымалдау ақысы келесі тәртіппен есептеледі: 1) магистральдық темір жол желісі қызметтерінің тарифтері ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитеті белгілеген есептеу тәртібіне сәйкес толық көлемде есептеледі; 2) локомотивтік тартқыш қызметтерінің тарифтері және жүк және коммерциялық жұмыс қызметтерінің тарифтері тарифтік басшылықта 0,01 коэффициентін қолдана отырып белгіленген есептеу тәртібіне сәйкес есептеледі; 3) «Қазтеміртранс» АҚ вагондары үшін операция мөлшерлемесі 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі; 4) тарифтік басшылықта белгіленген жүктерді тасымалдаумен байланысты қосымша қызметтер 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі; 5) магистральдық, станциялық жолдардағы жай меншікті вагондар үшін төлем 0,01 коэффициентін қолдана отырып есептеледі.

«0,01 коэффициенті - бұл төмендетілген жеңілдік тарифі. Сома прейскурантта белгіленген есептеу тәртібіне сәйкес есептеледі. Яғни 0,01 коэффициенті тасымалдаушының прейскурантында көрсетілген жүктің санына көбейтіледі. Нәтижесінде жеткізілімнің минималды есебі шығады. Мысалы, егер құрама жемі бар вагон Қостанай-Маңғыстау бағыты бойынша жіберілетін болса, стандартты тарифтер бойынша тасымалдау сомасы шамамен 420 мың теңгені құрайды. 0,01 төмендетілген жеңілдікті тарифпен есептеулер бойынша осы бағыт бойынша жеткізу сомасы шамамен 100 мың теңгені құрайды», – деп түсіндірді баспасөз қызметі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии