Мәзір

Мал азығын дайындауды субсидиялауға қосымша 10 млрд теңге бөлінеді

22.08.2023
Мал азығын дайындауды субсидиялауға қосымша 10 млрд теңге бөлінеді

Қыркүйек айында сабан, сүрлем және концентрацияланған жемді жинаудың негізгі бөлігі басталады. Ауыл шаруашылығы жануарларының негізгі рационы болып есептелетін шөптің дайындалған мөлшері 19,6 млн тоннаны құрады немесе жоспар 78,2% (жоспар – 25,0 млн. тонна) орындалды. Қазақстанда 1,2 миллион тонна пішендеме дайындалып, жоспарланған көлемнің 84,4 пайызын құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды World of NAN.

Министр жедел штабтың екі отырысының қорытындысы бойынша әкімдіктерге мал азығын субсидиялауға қосымша қаражат бөлу тапсырылғанын түсіндірді. Жедел ақпаратқа сәйкес, әкімдіктер бұрын бекітілген 11,7 млрд теңге субсидияға қосымша 10,1 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр. «1 тамыздан бастап «Қазагроқаржы» АҚ желісі бойынша АӨК кешен субъектілеріне одан әрі лизингке беру үшін азық дайындау техникасын сатып алу басталды. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінген еді. Азық өндірісін дамытудың Жол картасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда», - деді министр.        

Павлодар облысында төрт ауданда шөп шабуының аздығынан мал азығын жинау қарқынында біршама артта қалу байқалады.

«Осыған байланысты, менің тапсырмам бойынша жетекшілік ететін вице-министр Павлодар облысына іссапармен барып, алты ауданды аралады. Жайылымдар, шабындық жерлер, сондай-ақ бидай егістіктері қарап тексерілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және тұрғындармен бірқатар кездесулер өткізілді. Министрлік Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп қажетті азық көлемін дайындау бойынша, оның ішінде халықтың жеке қосалқы шаруашылығын азықпен қамтамасыз ету бойынша одан әрі іс-қимылды үйлестірді», - деді Ербол Қарашөкеев.

Кездесулер нәтижесінде фермерлердің «Бәйтерек» арқылы алған несиелері бойынша берешегін өтеу мерзімін ұзарту, сондай-ақ резервте тұрған өтінімдер бойынша субсидияларды төлеуді жеделдету шаралары әзірленді. Министр бұл шаралар өңірде егін жинау мен мал азығын дайындаудың сәтті өтуін қамтамасыз ететініне сендірді.                            

Ол ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына егінді дер кезінде жинауға 426 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны, оның 58 мың тоннасы мал азығын дайындауға бөлінгенін айтты. Барлық шығындарды ескере отырып, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер үшін орташа бағасы литріне 250 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 15 пайызға төмен. Егін жинауға 149,9 мың трактор, 38,6 мың астық жинайтын комбайн, 13,5 мың дестелегіш (жатка) бар.                         

«Егін жинау науқанының сәтті өтуінің басты мәселесі – шаруаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету. Былтырғыдай Аграрлық несие корпорациясы арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландырудың жалпы көлемі 140 млрд теңгені құрады, 3,8 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қаржыландырылды», - деді Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, Азық-түлік корпорациясы арқылы астық жеткізудің қажетті көлемдеріне келісім-шарт жасалып, оған 81,2 млрд теңге бөлінді, оның  21,2 млрд теңгесі форвардтық сатып алу шеңберінде және 60 млрд теңге тауарлық несие арқылы.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии