Германияның Думмерсторф қаласындағы ауылшаруашылық жануарлардың биологиясы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары 19-ғасырдың соңында мал шаруашылығынан шыққан метан шығарындылары көрсеткішін қазіргі заманғы көрсеткішпен салыстырды. Күтпеген нәтиже ортаға шықты: 2003 жылдан бері Германиядағы метан шығарындылары 1892 жылғы деңгейден төмен болған. Зерттеу нәтижелері Science of the Total Environment журналында жарияланды, деп хабарлайды World of NAN.
Ғалымдар бастапқы дерек ретінде Германиядағы 1872, 1883 және 1892 жылдардағы мал санағы жазбаларының мұрағатын, сонымен қатар 19-ғасырдағы ауылшаруашылық жануарларын азықтандыру, ет пен сүт өндіру туралы мәліметтерді пайдаланды. Жануарлардың тірі салмағының деректеріне сүйене отырып, олар орташа азық мөлшерін шығарды, содан кейін заманауи стандартталған теңдеулерді қолдана отырып, метан шығарындыларын есептеді.
2003 және одан бергі жылдарда Германияның мал шаруашылығындағы метан шығарындылары 1892 жылмен салыстырғанда аз болып шықты. Есептеулер бойынша 1883 жылы шығарындылардың жылдық мөлшері – 898 мың тонна, ал 1892 жылы – 1,06 миллион тонна болған. Ал 1990-2021 жылдар аралығында Германияда бұл көрсеткіш жылына 390 мың тонна еді, яғни 920 мың тоннаға дейін азайыпты.
Зерттеушілер мұның бір себебін ірі қара мал мен ұсақ мал санының күрт қысқаруынан көреді. Германия халқы кейінгі 130 жылда 34 миллионнан 84 миллионға дейін өскенімен, мал шаруашылығының сапалық көрсеткіштері артқандықтан, аз ғана мал қажеттілікті қамтамасыз ете алды. Мысалы, 1892 жылы 12,45 миллион ірі қара, 8,93 миллион қой, 2,53 миллион ешкі, 2,33 миллион жылқы тіркелген. Ал өткен жылдың соңында Германияда 11 миллион ірі қара, 1,5 миллион қой, 140 мың ешкі, 1,3 миллион жылқы болды.
Метан шығарындыларын одан әрі азайту үшін ғалымдар елдегі шошқа санын 20%-ға азайтуды ұсынып отыр, олардың пікірінше, бұл шығарындыларды жылына тағы 5 мың тоннаға азайтады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение