Мәзір

Қазақстанда манго және авокадо өсіре бастамақ

15.12.2023
Қазақстанда манго және авокадо өсіре бастамақ

«Gen group Qazaqstan» компаниясы Түркістан облысында банан өндірісін жолға қойып, үлкен резонанс тудырған еді, бірақ фермерлер одан әрі манго мен авокадо өсіруге бел буды. Бұл туралы World of NAN порталы облыстық әкімдікке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сайрам ауданында 5,3 гектар аумақта ерекше жылыжай кешені салынды. Жылыжай жылына 1000 тоннадан астам банан өндіреді.

Компанияның құрылтайшылары Тимур Өтешов пен Абдолла Исмаилов кешеннің көлемін кем дегенде екі есеге ұлғайтуға ниетті екенін мәлімдеді. Елімізде теңдесі жоқ жобаның жалпы құны 19,4 млрд теңгені құрайды.

Алдағы уақытта кәсіпкерлер Түркістан облысында манго және авокадо сынды экзотикалық жемістерді өндіруді жоспарлап отыр. Жылыжайда құлпынай мен қызанақ та өсіріледі. Қия мен көкжидек өсіру де жоспарда бар.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии