Маңғыстау әкімдігі мен «Халық» қоры Бейнеу астық терминалының жұмысын қалпына келтіру үшін 1,8 миллиард теңгеге қайырымдылық көмек көрсету туралы меморандумға қол қойды. Терминал бірнеше жыл жұмыссыз тұрып, 2021 жылы банкрот деп танылған. Бұл туралы World of NAN порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Басылымның жарнамаға ұқсас етіп жазылған материалында айтылғандай, терминалдың іске қосылуы өңірді ұн және жем-шөппен қамтамасыз етуге, сонымен қатар Орталық Азия елдеріне (Өзбекстан, Түркіменстан, Ауғанстан және т.б.) экспорттық әлеуетті іске асыруға мүмкіндік беруге тиіс.
Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары Жалғас Теміров терминалдың жұмысы 2018 жылы тоқтағанын айтады. «Компанияның қарыздарына байланысты бұл ірі терминалдың жұмысы 5 жылға тоқтады. Жұмыстың жандануымен астықпен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту мәселесі шешілетін болды. Алдағы уақытта 200-ден астам адам жұмысқа қабылданады. Бұл халық үшін маңызды», - дейді Жалғас Теміров.
«Халық» қорының қамқоршылары – қазақстандық миллиардерлер Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаевалар.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение