Мәзір

Маңғыстаулық кәсіпкерлер халықаралық байқауда жеңіп, ірімшік жасаушылар гильдиясына қабылданды

14.09.2023
Маңғыстаулық кәсіпкерлер халықаралық байқауда жеңіп, ірімшік жасаушылар гильдиясына қабылданды

Маңғыстаулық Александра Григолова мен Никита Кобзев Франциядағы «Mondial du fromage-2023» халықаралық ірімшік және сүт өнімдері байқауында күміс және қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы World of NAN порталы atameken.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Mondial du fromage 2023 байқауы - ірімшік әлеміндегі маңызды оқиға. Байқауда әлемнің әр түкіпірінде әзірленген ірімшіктің 1600 түрі таныстырылды. Аталған өнімдердің арасынан 250 төреші ірімшіктің 150 түрін жоғары бағалады. Олардың арасында Александра мен Никитаның «Жеті лақ» фермасының өз өндірісіндегі ешкі мен түйе сүтінен дайындалған ірімшіктің 2 түрі бар.

"Қазақстан тарихында тұңғыш рет біздің өндірушілер үздік әлемдік ірімшік жасаушылармен конкурсқа қатысып, отандық өнімдерді ұсынды. Біздің мақсатымыз - ірімшік мәдениеті мен ірімшік жасау шеберлігін дамыту. Біз байқауға 6 айдан астам уақыт дайындалдық. Осындай жетістікке жеткенімізге өте қуаныштымыз және мақтан тұтамыз. Бізді халықаралық ірімшік жасаушылар гильдиясына салтанатты түрде қабылдады. Бұл ірімшік әлемінің элитасы. Біз-Қазақстанның осы атаққа ие болған алғашқы ірімшік жасаушыларымыз",- деді Александра Григолова.

«Жеті лақ» фермасы Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Кәсіпкерлер пастерленген ешкі сүтін, йогурт, айран, сүзбе, қаймақ және ірімшіктің 12 түрін шығарады. Айына 3,5 тонна ешкі сүтін өндіреді. Ферма 10 га жерді алып жатыр, оның төрт гектары ешкі өсіруге арналса, қалған аймақта жем-шөп қоймасы мен сүт өңдеу цехы орналасқан.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии