Мәзір

Маусым айында ауа райы қандай болады?

27.05.2024
Маусым айында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» маусым айына арналған алдын ала ауа райы болжамын жариялап, 2024 жылдың жазындағы аптап ыстыққа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды World of NAN.

Алдын ала болжам бойынша, маусым айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары, ал республиканың оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде норма шамасында болады. Жалпы Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы +20+25°С пен +30+38°С аралығында болмақ. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батысында +25-30°С-тан +35-39°C-қа дейін жетпек.

«40 Цельсий деп айта алмаймын, өйткені мамырда біз оңтүстікте +40°С болады деп уәде еткен едік, бірақ ауа температурасы +33+34°С дейін ғана көтерілді, ал солтүстік жартыда тек +28℃ дейін жетті. Осыған қарап, биылғы жылы жаз өте ыстық болады деп ойламаймын», - деп, «Қазгидромет» РМК Ұзақ мерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы Жұлдыз Исабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндірді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии