Жылыжай шаруашылықтары маусымдық кезеңде басқа да тұтынушылар сияқты көмір тапшылығына тап болады яки оның қымбаттығынан зардап шегеді. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев фермерлердің маусымаралық кезеңдегі электр энергиясы мен газ шығындарын субсидиялау жоспарланып отырғанын айтты. Бұл туралы World of NAN порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Министр Қарашөкеевтің айтуынша, жылыжайлардың өзекті мәселесі – оларды көмірмен қамтамасыз ету. Бұл мәселе әсіресе биылғы қыс маусымында қатты байқалған. Осыған байланысты маусымаралық кезеңде фермерлерге газ және электр шығындарын субсидиялау қарастырылып отыр.
«Алайда бюджет қаражатын тиімді жұмсау, сондай-ақ агротехнологиядардың барлығы сақталатын жылыжайларды ғана қолдау үшін субсидия алудың міндетті талабы – өндіріс технологиясына сәйкестік сертификаты болады. Бұл үшін АШМ Сауда және интеграция министрлігімен бірлесе отырып, “фермерлік жылыжайлар үшін Ұлттық стандартты” (ҚР 2 СТ 3834-2023) бекітті. Осы стандарт 2023 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізілген. Қазіргі уақытта министрлік субсидиялау қағидаларына әкімдіктер бекіткен субсидиялау мөлшерлемелері бойынша 1 га-ға шығыстарды субсидиялауды көздейтін тиісті түзетулер әзірледі», – дейді ол.
Министрдің түсіндіруінше, маусым кезінде жылыжай шаруашылықтары басқа тұтынушылармен бірге көмір тапшылығына я болмаса оның қымбаттауына тап болып жатыр. Бұл мәселені шешу үшін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жол картасын әзірлеп, жазда осы бағытта жұмыс басталады: көмірді мерзімінен бұрын әкеліп қою, оны қоймаға жинау жұмыстары жасалады.
Қарашөкеев жылыжай шаруашылықтарын несиелендіру мәселесіне де тоқталып өтті. «Агробизнес» әмбебап несиелеу бағдарламасымен қатар, «Кең дала» бағдарламасына да өзгерістер енгізу жоспарланып жатыр. Қазіргі уақытта «Кең дала» бағдарламасы тек ашық бақшадағы көкөністерді қаржыландырады.
Бюджеттік заңнамаға сәйкес, бұны жүзеге асыру үшін несиелендіру бағдарламасының қазіргі қаржылық-экономикалық негіздемесіне өзгеріс-толықтырулар енгізу қажет. Министрдің есептеуінше, барлық бюджеттік процесті ескерер болсақ, бұған біраз уақыт қажет болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение