Мәзір

Майлы дақылдар туралы ресми статистика шындыққа жанаспайды

29.11.2023
Майлы дақылдар туралы ресми статистика шындыққа жанаспайды

Қазақстанда ресми статистиканың, атап айтқанда, еліміздегі майлы дақылдар қоры туралы мәліметтердің дұрыс еместігі өзекті мәселе. Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығы жүргізген мониторинг пен талдауда анықталған деректердің ресми статистикадан айырмашылығы 30% болған. Бұл туралы World of NAN порталы АПК-Информ агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.  

«Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ауыл шаруашылығы шикізатының теңгерімі туралы мәліметтерді «қолмен» жинайды, бұл ретте барлық мүдделі тұлғалар (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоймалар және басқа да қатысушылар) ақпаратты уақытылы әрі жоғары деңгейде ұсынбайды. Мұндайға қазіргі экономикалық, геосаяси және климаттық жағдайларда жол беруге болмайды. Тиісті министрліктер шешім қабылдау кезінде сүйенетін асыра көрсетілген ресми статистика аграрлық сектордың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етудегі негізгі проблема», - дейді Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығы.

Олар жүргізген мониторинг пен анализдің нәтижесі ресми статистикамен 30%-дан астам сәйкеспейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022/2023 жылдың аяғында ресми статистикаға сілтеме жасай отырып, күнбағыс тұқымының үлкен қоры туралы хабарлады. Бұл ретте қауымдастық май зауыттарымен бірлесіп мониторинг жүргізген, сөйтіп жарияланған көлем шын мәнінде нарықта жоқ болып шықты.

Агроөнеркәсіптік кешендегі статистикалық деректер негізінде саланың одан әрі дамуы мен ішкі нарықты қорғауға қатысты мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылданады. Қауымдастық өкілдері қате ақпарат қате шешім қабылдауға апаратынын айтады. Осы тұста Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығы да нарықтағы мүдделі тараптың бірі екенін ескерте кеткіміз келеді. Яғни олар ұсынған сандар да ең шынайы дерек болмауы мүмкін. 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии