Аграрлық несие корпорациясы майлы дақылдарды сақтандыруға өтінімдер қабылдап жатыр. Өтінімдер 2024-жылдың 15-сәуіріне дейін Kezekte.kz сайтында қабылданады. Бұл туралы World of NAN компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Сақтандыру тәуекелдері бойынша барлық ақпаратты Kezekte.kz порталындағы qalqan онлайн сақтандыру сервисінен білуге болады.
Сақтандыру бағдарламасының операторы - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.
Ұйымның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, дәнді дақыл егіндерін құрғақшылықтан сақтандыру шарттарын жасасуға өтінім қабылдау аяқталған. Өтінім 2024-жылдың 1-сәуіріне дейін қабылданды.
Қазіргі уақытта фермерлер 322 мың гектарға еккен егіндерін сақтандырыпты. 142 сақтандыру шартының құны 2 млрд теңгеден астам соманы құрады, оның 80%-ын мемлекет субсидиялады. Осылайша, фермерлер үшін сақтандыру полисін сатып алу құны субсидиялар есебінен 1,7 млрд теңгеге төмендетілді.
Одан бөлек, малшылар үшін сақтандыру Қазақстан бойынша бір жыл ішінде қолжетімді. Фермерлер өз малын жұқпалы және аса қауіпті аурулардан, өрттен, үшінші тұлғалардың қасақана әрекеттерінен, су тасқынынан, жазатайым оқиғалардан және басқа да қауіп-қатерлерден сақтандыра алады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение