Мажарстандық Globalia Ltd компаниясы Ақмола облысында агротехнологиялық парк салуға ниет білдіріп отыр. Бұл туралы World of NAN порталы облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Астана қаласында «Aqmola Invest» инвестиция тарту орталығы ашылып, осы орталықтың алаңында бірнеше іскерлік кездесу өткен. Солардың бірі мажарстандық Globalia Ltd компаниясымен жасалды.
«Венгриялық globalia LTD компаниясы Аршалы ауданында көміртекті егіншілік негізінде ауыл шаруашылығы технологиялық паркін құруға ниет білдіріп отыр», - деді Ақмола облысының әкімдігі. Бұл паркте венгриялық технология негізінде жоғары сапалы тұқым өндірілмек.
2022 жылы «Globalia Kft.» мажарлық компаниясы «KazGlobalia Ltd.» атауымен Астанада өз кеңсесін ашып, «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағында тіркелген. Компания Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн электр станциясы мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жобалар жасап келеді.
Компания жасыл энергия, айти және ауыл шаруашылығы жобаларын іске асырып, инвестиция құюмен айналысады. Былтыр ұйым Жамбыл облысының әкімдігімен қызанақты терең өңдеу бойынша меморандумға отырған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение