Мәжіліс депутаттары «Акваөсіру туралы» заң жобасын мақұлдады. Бұл заң жобасы балық шаруашылығы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін болады, деп хабарлайды World of NAN.
Заң жобасын мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің жетекшісі Еділ Жаңбыршин таныстырды.
«ФАО-ның мәліметі бойынша, 2020 жылы дүние жүзінде акваөнімдер 88 млн тоннаға жетіп, жалпы балық өнімдерінің 49 пайызын құрап отыр. Қытай, Ирландия, Чили, Норвегия сияқты елдер акваөнімдерді жұмыс және табыс көздеріне айналдыруда. Мысалы, Норвегияда 2022 жылы бағасы 10 млрд-тан доллардан астам 1.3 млн тонна акваөнім экспортқа шығарылды. Қазір екі мыңдай кәсіпорын жұмыс жасап тұр. Отандық статистикаға келер болсақ, 2022 жылы бар болғаны 19,2 мың тонна акваөнімдер өндіруге қол жеткіздік. Ол жалпы балық өнімдерінің 38 пайызын құрап отыр. Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, еліміздегі балық өндіру көлемін 2030 жылдарға қарай 270 мың тоннаға жеткізу көзделген», – дейді Жаңбыршин.
Ол мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін акваөсіруді дамыту саласындағы қатынастарды реттеп, инвестициялық тартымдылықты қалыптастыру қажет деп есептейді. Бүгін таныстырылған заң жобасы осыған орай әзірленген.
Жобаның негізгі мақсаты – жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, сондай-ақ бәсекеге қабілетті, қауіпсіз акваөсіру өнімдерінің көлемін ұлғайту арқылы акваөсірудің тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Депутат Жаңбыршиннің айтуынша, бұл заң жобасын қабылдау – балық өнімдерінің көлемін арттыруға, тұрғындарды сапалы акваөнімдермен қамтамасыз етуге, балық өнімдерін ДДСҰ нормасына сәйкес ішкі тұтынуды ұлғайтуға, ауылды жерлерде жұмыс орындарын ашу мен инвестиция тартуға ықпал ететін болады.
Сонымен қатар, акваөсіру субъектілерін мемлекеттік қолдауларға қолжетімдігін кеңейтіп және ең бастысы, биоресурстарды сақтай отырып балық өнеркәсібінің дамуына серпін береді деп күтіледі
Бұл заң жобасымен төрт заңға өзгеріс енгізіледі. Құжаттың толық нұсқасын Мәжілістің сайтынан қарауға болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение