Мәзір

Мәжіліс депуттаттары Қазақстанның бірнеше өңірінде төтенше жағдай жариялауға шақырды

13.09.2023
Мәжіліс депуттаттары Қазақстанның бірнеше өңірінде төтенше жағдай жариялауға шақырды

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар егін жинау науқанында фермерлер тап болған қиын жағдай туралы айтып, бірнеше өңірде төтенше жағдай жариялауды сұрады, деп хабарлайды World of NAN.

Депутат Айдарбек Қожаназаров еліміздің бүкіл солтүстік өңірінде жағдай қиын екенін жеткізді. Оның сөзінше, бірқатар шаруашылықта егіс алқаптарынан 0,3-1 ц/га орылып жатыр. Мұндай егістікті жинаудан гөрі, бас тарта салған тиімдірек. Осыған қарамастан, несиелік міндеттемелерді ешкім жойған жоқ. Депутаттың айтуынша, қаражат тапшылығы келесі егіс науқанына дайындық жұмыстарының қиындауына алып келеді.

«Несиені төлеудегі үзілістер, сондай-ақ несиелерді қайта құрылымдау шаруалардың несиелік тарихын бұзады, соның салдарынан несиеге қолжетімділік одан әрі қысқарады», - деді Қожаназаров. Депутат атап өткендей, төтенше жағдай жариялау – несие берушілер үшін бір жылдан астам мерзімге төлемді кейінге қалдыруға жол ашатын бірден-бір заңды мүмкіндік.

Сондай-ақ, Қожаназаров әкімдік қызметкерлерін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер көріп отырған залал фактілерін жасырып отыр деп айыптады.

«Жақын күндері құрғақ ауа райы басталса да, шаруалар бидайдың нарықтық құнының кем дегенде 50 пайызын жоғалтып алды. Үшінші сортты астықтың нарықтағы бағасы 85 мың болса, оны 40-45 мыңға да сата алмаймыз ба деп қорқады.Оның ылғалдылығы 30 пайыз шамасында, ондай бидай тек мал бордақылауға жарамды. Ылғалдылығы 18% және одан да жоғары бидайды элеваторлар қабылдамайды», – дейді депутат Асхат Рахымжанов.

Депутат биыл шаруалар тіпті келесі жылға тұқым сақтай алмайтынын, сондықтан оны шетелден сатып алғанда екі есе шығынға ұшырайтынын ескертті. Оның айтуынша, бүгінде шаруалар құзырлы орындарға мынадай өтініштермен жүгініп жатыр:

  • Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында төтенше жағдай жариялау;
  • Қабылданған міндеттемелер бойынша бір жыл мерзімге несиелік демалыс енгізу;
  • Өткен жылғы Жамбыл облысындағыдай ауа райының қолайсыздығынан өнімінен айырылған шаруаларға мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету;
  • 2024 жылға арналған егіс науқанына шаруаларды тауарлық несие түріндегі тұқыммен қамтамасыз ету.

«Сондай-ақ, Қазақстанға ресейлік астықтың контрабандалық жолмен әкелінуіне тосқауыл қоюымыз керек, соның салдарынан біздің шаруалар жылдардан бері шығынға ұшырап келеді. Жамбыл облысының тәжірибесіне сүйене отырып, осы мәселеге назар аударуыңызды өтінемін, онда аймақтық ауқымдағы төтенше жағдай енгізілген соң, су тапшылығынан егіннің жоғалуына байланысты шаруалардың шығынын жабу туралы шешім қабылданған. Қаражат Төтенше жағдайлар министрлігінің резервінен бөлінеді», - деді Рақымжанов.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии