ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Respublica партиясының депутаты Айдарбек Қожаназаров әріптестеріне «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы» Заң жобасын түзетулер пакетімен таныстырды деп хабарлайды World of NAN.
«Түзетулер органикалық өнімдерді өндіру және олардың айналымы саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, органикалық өнімдердің ішкі нарығын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдесуге, отандық өндірушілердің органикалық өнімдері сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған», – деді депутат.
Мәжілісмен депутаттар бірлескен кепілдіктер жүйесін қалыптастыру мен жұмыс істеуіне, сондай-ақ органикалық өнім өндірушілерді топтық сертификаттауға қатысты нормаларды қайта қарап, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізгенін айтты.
Депутаттың сөзінше, органикалық өнім өндірушілерге қойылатын талаптар кеңейтілген. Оларға сәйкес генетикалық түрлендірілген объектілерді, синтетикалық текті заттарды, химиялық пестицидтерді, гормондарды, антибиотиктер мен тағамдық қоспаларды пайдалануға тыйым салынған.
Сондай-ақ А.Қожаназаров мемлекеттік органдардың өкілеттіктері нақтыланғанын түсіндірді.
«Уәкілетті органға органикалық өнімдерді өндіру және олардың айналымы қағидаларын әзірлеу және бекіту, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға – Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі функциялар жүктеледі. Ал техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның функциялары қолданыстағы заңнамамен жеткілікті түрде реттелуіне байланысты алынып тасталды», – деді спикер.
Бұл ретте жұмыс тобы заң жобасында мынау нормаларды қамтамасыз етуді көздейді:
- органикалық өнімді өндіруші органикалық өнімді өндіруге, оның ішінде экспортқа шығаруға арналған талаптарды сақтамаған жағдайда сәйкестік сертификатының қолданылуын тоқтата тұру немесе кері қайтарып алу;
- органикалық өнімдердің өндірісі мен айналымы саласындағы ғылыми қамтамасыз ету;
- органикалық өндірісті сертификаттауға жұмсалған шығындарды өтеу, сондай-ақ органикалық тыңайтқыштарды сатып алу құнын субсидиялау.
«Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін арттыруға бағытталған «Аграрлық қолхат» жаңа қаржы құралы енгізілуде. Жұмыс тобының қарауына 200-ден астам түзету енгізіліп, уәкілетті органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, сарапшылар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен 9 отырыс өткізілді», – деп түйіндеді сөзін халық қалаулысы.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение