Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды World of NAN.
Заң жобасына бастамашы болған депутаттардың бірі Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, заңның басты мақсаты – мемлекеттік қолдау көрсету арқылы отандық спорт бағытындағы жылқы тұқымын қалпына келтіріп, асыл тұқымдық қасиеттерін жақсарту.
«Қостанай тұқымы 70 жылға созылған ғылыми зерттеудің нәтижесінде шығарылған, мамандандырылған спорттық бағыттағы және ұлттық ат спорты түрлерін дамыту үшін кеңінен қолданылатын қазақтың шабандоз тұқымы, халықтың ұлттық қазынасы. 1969 жылы елімізде 44 мыңнан астам Қостанай жылқы тұқымы тіркелген, яғни барлық асыл тұқымды жылқылардың жалпы санының 9,7 % құраған. Алайда бүгінде Қостанай жылқы тұқымының ресми тіркелген саны 270 бастан аспайды, ал Адай жылқы тұқымының 1300 басы тіркелген», – деді депутат.
Оның түсіндіруінше, заңнамалық түзетулерде қостанайлық жылқы тұқымын сақтауға және өсімін молайтуға бағытталған іс-шараларды субсидиялау көзделген. Олар – асыл тұқымды орталықтардың шетелдік селекцияның спорттық бағытындағы асыл тұқымды айғырларды сатып алу, асыл тұқымды аналық мал басымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу және оларды ұстау бойынша шығындарды өтеу.
Мемлекеттің етті бағыттағы мал шаруашылығымен айналысатын фермерлерге былтырдан қалған миллиардтаған теңге субсидиялық міндеттемелері бар екені белгілі. Осындай жағдай аясында спорттық жылқы өсіруді мемлекет бюджеті есебінен қаржыландыру фермерлердің бәріне бірдей ұнамауы мүмкін.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение