Мәзір

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын оңды-солды субсидиялаудан бас тартуға шақырды

13.09.2023
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын оңды-солды субсидиялаудан бас тартуға шақырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуде ауыл шаруашылығы нарығын реттеудің ашық механизмдерін бекітуді және мемлекеттік қолдау көрсету тәсілдерін өзгертуді ұсынды. Ол субсидиялау кезінде саланың маңызын, экономикаға әсерін есепке алу қажеттігіне тоқталды. Бұл туралы World of NAN порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«...Кәсіпорындарды қолдаудың нарықтық емес тетіктерінен, негізінен саланың басымдылығын, жобаның маңызын және оның экономикаға әсерін есепке алмастан жаппай субсидиялаудан біртіндеп бас тарту қажет. Кепілдік тетіктері мен қаржылай емес қолдау шараларына көшуіміз керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол мемлекеттің нарықты баға мен шектеулер арқылы реттеуі сұраныс пен ұсынысты «жұмсақ басқаруға» ауыстырылуы керектігін айтты. Сонымен қатар, Азық-түлік корпорациясының әлеуетін толық ашу қажеттігін атап өтті.

Оның пікірінше, кейбір жағдайда бизнес мемлекеттік қолдау алу мақсатында ғана құрылып жатады. Соның салдарынан экономикалық қайтарым жұмсалған бюджеттік ресурстардың көлеміне пропорционалды болмай шығады.

«2015-2021 жылдар аралығында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау көлемі (7 трлн теңге) қолдау көрсетілетін компаниялардан түскен салық түсімінен (4,5 трлн теңге) 1,5 есеге асып түсті. Және бұл тәжірибе жылдан жылға қайталанып келеді. Кәсіпкерлікті ынталандыру тәсілдерін өзгертуге осыған дейінгі әрекеттер сәтсіз аяқталды. Сондықтан үкіметке қолдау шараларының тетіктерін сапалы түрде қайта іске қосуды қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді мемлекет басшысы.

Президент мемлекет қолдауын алушылардың ашық бірыңғай реестрін әзірлеуді тапсырды. Мұндай шара ресурстың кәсіпорындардың тар шеңберіне шамадан тыс шоғырлануын жоюға, сондай-ақ мемлекеттік көмектің тиімділігін объективті және жылдам бағалауға мүмкіндік береді. Тоқаев қолдау шараларының тиімділігін анықтау үшін төленетін салықтардың ұлғаюы, жаңа сапалы жұмыс орындарының құрылуы және өнімнің ішкі құнының артуы мен экспорттық әлеуетінің дамуы негізінде бағалауды ұсынды. Ол мемлекеттік қолдау көрсету мен қолдауды объективті бағалауы үшін үкімет цифрлық технологияларды белсенді енгізіп, шешім қабылдау процестерін автоматтандыру қажеттігін айтты.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии