Мәзір

Мемлекетке қайтарылған жер әділ бөлінуі тиіс – Жұманғарин

21.09.2023
Мемлекетке қайтарылған жер әділ бөлінуі тиіс – Жұманғарин

Үкіметте игерілмей жатқан және заңсыз берілген жерлерді қайтару жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жер ресурстарын басқару комитетінің дерегі бойынша, 2022 жылдың басынан бері мемлекетке 8,3 млн га (2022 жылы – 5,4 млн га, 2023 жылдың өткен кезеңінде – 2,9 млн га) жер қайтарылған. Бұл туралы World of NAN порталы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері тексеріс жүргізе отырып, 835,9 мың га аумақта жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 615 ұйғарым енгізіпті. Бұдан бөлек, 271,5 мың га бойынша 183 іс сот органдарының қарауында жатыр. Заңбұзушыларға жалпы сомасы 156,3 млн теңге айыппұл салынып, оның 68%-ы өндіріп алынған. Атап өту керек, шара қабылданған соң жер пайдаланушылар 689 мың га ауыл шаруашылығы жерін қайта игеруге кірісіпті.

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржановтың айтуынша, былтыр жалпы жерді ерікті қайтару үлесі 72,2% құрады. Биыл бұл үлес 62%-ға дейін төмендеді, бұл мәжбүрлеп алу көрсеткішінің өсуін білдіреді.

«Жер біздің басқа да табиғи ресурстарымыз сияқты Қазақстан Конституциясымен халыққа тиесілі деп айқындалған. Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару мәселесі оларды мемлекеттік меншікке қайтару ғана емес, әрі қарай әділ бөлу», - деп атап өтті Жұманғарин.

«Мемлекет басшысы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперациясын дамытуды ынталандыру міндетін нақты атап өтті. Бірақ егер ауылдарда жайылымдық жерлер болмаса, онда қандай даму туралы айтуға болады? Жерлер бюрократиялық кедергілерге байланысты пайдаланылмай қалмауы тиіс, оны ел экономикасы үшін жұмыс істету керек. Бұл мәселені тезірек және әділ шешудің басқа тәсілдері мен тетіктерін әзірлеу қажет. Барлық көтерілген мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтап, оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар енгізу қажет. Ал әкімдіктерге өнеркәсіп, цифрлық даму, ауыл шаруашылығы министрліктерінің үйлестіруімен жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын толтыру және өңірлік геоақпараттық жүйелерді іске қосу жөніндегі жұмысты жеделдету керек», — дейді вице-премьер.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии