«Halyk Finance Research» жақында үкіметтің «Жасыл Даму» АҚ-нан ауыл шаруашылығы техникасын нарықтық мөлшерлемеден төмен пайыздық мөлшерлемемен лизингке қосымша қаражат бөлу туралы қаулысына түсініктеме берді. Halyk Finance сарапшылары үкімет арзан қаржыландыруды тоқтатуы керек деп есептейді, өйткені бұл нарықтағы бәсекелестікті бұзады. Бұл жөнінде World of NAN порталы «Halyk Finance Research» баяндамасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Біздің пікірімізше, қоғам игілігін желеу етіп, мемлекет нарықтық қатынастарға араласуды жалғастырып, Қазақстанда мемлекеттік компаниялардың монополиялық жағдайын қалыптастырып, толыққанды лизингтік сектордың пайда болуына жол бермеуде», - дейді мәлімдемеде.
19 қыркүйекте Үкімет «Жасыл Даму» АҚ қаражатынан отандық ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру үшін 20 миллиард теңге бөлу туралы қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес, техника жылдық 6 пайызбен және 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Осылайша, бұл экономиканы нарықтағыдан төмен пайыздық мөлшерлемемен қаржыландырудың кезекті мемлекеттік бағдарламасы болып шықты.
Инфрақұрылымды және әсіресе ауыл шаруашылығын дамытудағы лизингтің орасан зор маңызына қарамастан, бүгінгі таңда лизинг секторы елдің қаржы жүйесінде ең аз дамыған сектор болып отыр. Қазақстандағы лизингтік компаниялар қаржылық институт ретінде реттелмеген, сондықтан олар туралы ресми статистика жоқ. Алайда, лизингтік компаниялар басшылығының мәлімдемелеріне қарағанда, олардың жиынтық портфелі бүгінде 1 триллион теңгеден асады немесе ЖІӨ-нің шамамен 1,3%-ын құрайды. Сарапшылардың айтуынша, бұл көптеген дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен.
Нарықта лизингтік қызметтерді ұсынатын жеке компаниялар да болғанымен, лизингтік операциялардың барлық көлемін дерлік екі мемлекеттік компания – «ҚазАгроҚаржы» және Индустриалды дамыту қоры жүзеге асырады, олардың үлесіне жалпы лизинг портфелінің 95%-ы келеді. Бұл үрдіс жылдар бойы өзгерген жоқ. Бұл үстемдіктің негізі – лизингтік операциялар бойынша субсидияланған пайыздық мөлшерлемелер арқылы мемлекеттің тұрақты көмек беруі.
«Halyk Finance Research» сарапшыларының пікірінше, лизинг секторының дамуына әсер ететін екі негізгі мәселе:
Осылайша, бүгінде мемлекеттік компаниялар түрлі жеңілдікті қаржыландыру бағдарламалары арқылы жеке компанияларды лизинг нарығынан толығымен дерлік ығыстырып тастады.
«Лизингтік секторды одан әрі дамыту және нарықтық тетіктердің тиімді жұмыс істеуі үшін біз нарықтағы бәсекелестікті айтарлықтай бұзатындықтан, үкімет нарықтық пайыздан төмен пайыздық мөлшерлемемен мұндай арзан қаржыландыруды тоқтатуы керек деп есептейміз. Бұл ретте біз мемлекеттік көмекті тоқтату туралы айтып отырған жоқпыз – көмек нарықтағы бағаларды (ставкаларды) бұрмаламауы керек. Субсидиялар мемлекеттік немесе жеке меншікке лизинг берушіге емес, тікелей лизинге алушыға берілуі керек. Қаржы жүйесіндегі бәсекелестікті және нарықтық баға белгілеуді бұзбау үшін лизингтік компаниялар тек нарықтық шарттарда келісім-шарттар жасауы керек. Мұндай жағдайда жеке лизингтік компаниялар мен мелекеттік компаниялар клиенттерге жақсы жағдай жасау үшін бір-бірімен бәсекеге түседі», - деп түйіндейді HF сарапшылары.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение