Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуеті зор. Сондықтан оларды назардан тыс қалдырмау қажет
Статистика бойынша Қазақстандағы сүттің 75%-ы жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Алайда, логистиканың және орталықтан сатып алудың жоқтығынан, сондай-ақ сақтау, бастапқы өңдеу, азықпен қамтамасыз ету және айналым қаржысының жетіспеушілігіне байланысты ЖҚШ (жеке қосалқы шаруашылықтардың) өнімінің аз ғана көлемі қайта өңделеді.
Осы мәселені шешу және ЖҚШ-дың мүмкіндіктерін шоғырландыру үшін Президенттің тапсырмасымен кооперация арқылы ауыл тұрғындарының табысын ауқымды және тиімді арттыру бағытында Жамбыл облысында пилоттық жоба іске қосылды. Үкіметтің жобалық кеңсесінің салалық менеджерлері қазіргі уақытта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуы арқылы кооперативтерді құруды тікелей қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау бойынша модельдерді пысықтауда.
«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» жөніндегі Ұлттық жобаның тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Үкіметтің жобалық кеңсесінің тәжірибесі қолданылатын болады.
Анықтама:
2019 жылы республика бойынша сүт өндірісінің жалпы көлемі 3,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтардағы сүт өндірісі 3 млн. тоннаны құрады (сүт өндірісінің жалпы көлемінің 76%).
Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша шекілдеуікті және сүйекті жемістер өндірісі 278,7 мың тоннаны, ЖҚШ-да – 96,4 мың тонна (34,6%).
Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша жидек дақылдарының жемістерін өндіру көлемі 22,3 мың тоннаны, жеке қосалқы шаруашылықтарда - 20,5 мың тонна (92%) өндірілген.
Шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша жаңғақтар өндірісі 3,8 мың тоннаны, жеке қосалқы шаруашылықтарда - 2,8 мың тоннаны (73%) құрады.
Өткен жылы 4,3 млн тонна көкөніс өндірілді, оның ішінде ЖҚШ-да – 1,6 млн тонна (37,2%).
Республикада 3,9 млн тонна картоп өндірілді, оның ішінде ЖҚШ-да – 2 млн тонна (53,2%).
Ақпарат көзі: www.gov.kz/memleket/entities/moa
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение