Мәзір

Министр қазақстандық астықтың бәсекеге қабілетсіз болу себебін түсіндірді

10.07.2024
Министр қазақстандық астықтың бәсекеге қабілетсіз болу себебін түсіндірді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазақстандық астықтың сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілетінің төмендеуіне себеп болған факторларды айтты. Бұл жөнінде World of NAN порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Министрдің айтуынша, Қазақстан таяуда ғана Ресейге 1 миллион тоннадан астам астық экспорттайтын. Алайда көрші ел өндірістің тиімділігін арттырып, соның арқасында бүгінде ресейлік астықтың өзіндік құны біздің астықтың өзіндік құнынан әлдеқайда төмен.

«Біздің диқандар агротехнологияларды сақтамағандықтан төмен өнім алып отыр... Өткен жылы тыңайтқыш көлемінің ғылыми негізделген нормасының бестен бір бөлігін ғана енгізген. Төрт-бес репродукцияның тұқымы пайдаланылады, яғни шаруалар тауарлы астық егіп жатыр. Техника жиі істен шығады, жөндеуді қажет етеді, бұл егін егу кезінде уақытты босқа кетіру деген сөз... Соның салдарынан өніміміз 9–10 ц/га болып отыр», - деді министр Айдарбек Сапаров

Көптеген фермерлер зауыттар мен дистрибьюторлардан егіннің қауіпсіздігі үшін қарызға ақша алып, оны 30-40% үстемемен қайтарады. Соның салдарынан астықтың өзіндік құны тоннасына 100–120 мың теңгені құрайды.

Айдарбек Сапаров қазір бірқатар мәселе шешілгенін де атап өтті. Мысалы, биыл егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі үш есе артқан Сонымен қатар жаңа субсидиялау механизмінің арқасында тыңайтқыштарды сатып алу көлемі бүгінде 965 мың тоннаға (өткен жылдағы 670 мыңмен салыстырғанда) жетті.

Министр үкімет атқарған жұмыстарды айта келе, төмен өнімділікке агротехнологияны қолданбайтын фермерлердің өзін кінәлағандай болды. Дегенмен дәл осы үкімет енгізген утиль алымы мен импорттық ауылшаруашылық техникасына субсидияны жоюы саланың дамуына кедергі болғанын айтпады. Сонымен қатар, қазіргі мүшкіл жағдайға үкіметтің дер кезінде әрекет етпегені себеп болғанын да айтпады. Мысалы, министр мысалға келтірген Ресей фермерлерді уақытылы әрі мол қаржымен қолдағанының арқасында үлкен жетістікке жеткен еді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии