Мәзір

Министр фермерлерді қаржыландыру жүйесі қалай өзгеретінін айтты

21.02.2024
Министр фермерлерді қаржыландыру жүйесі қалай өзгеретінін айтты

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров фермерлерді субсидиялау және несиелеу жүйесіндегі өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды World of NAN.

Министрдің айтуынша, қаражат тапшылығына байланысты шаруа қожалықтары тыңайтқыштар мен өсімдікті қорғау құралдарын жеткілікті пайдаланбай, ескірген құрал-жабдықтармен жұмыс істеген, бұл тиімділіктің төмендігіне алып келеді.

«Ағымдағы жылы салаға қаржыландыруды тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілетін болады. Бұл ретте бюджет қаражаты ғана емес, екінші деңгейлі банктердің капиталы да қолданылады. Нәтижесінде жыл сайын көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына сомасы 1,5 трлн теңге жеңілдетілген кредит берілуі тиіс; ауыл шаруашылығы техникасын 8-10 %-ға жаңартуға 450 млрд теңге көлемінде жеңілдікпен лизинг берілуі тиіс», - деді Сапаров.

Сонымен қатар 800 млрд теңге инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталуы тиіс. Бүгінгі таңда оның қаржыландыру көздері пысықталып жатыр.

Қаржыландыру көлемінің ұлғаюымен қатар, субсидиялау жүйесі де өзгереді.

«Субсидия отандық тыңайтқыштарды, техникаларды және т.б. өндірушілерге тікелей төленетін болады. Бұл субсидияға қоло тигізуді болдырмайды. Несиелер бойынша да белгіленген мөлшерлеме болады. Біз «Бәйтерек» холдингімен фермерлерге жеңілдікті несие беру қызметтері мен субсидияларды бір цифрлық платформада біріктіру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Нәтижесінде фермерлер үшін несие беру мөлшерлемесі әрқашан жеңілдікті болып, субсидиялар кешіктірілген кезде өзгермейтіндей етіп субсидияларды тікелей АНК-ға аудару жоспарланып отыр», - деп түсіндірді министр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии