Мәзір

Ауыл шаруашылық министрі: астық көлемін азайту керек

12.01.2024
Ауыл шаруашылық министрі: астық көлемін азайту керек

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапары аясында Жетісу өңіріне барды. Ол ведомствоның субсидиялау жүйесін өзгерту бойынша жоспарлары туралы айтты. Бұл туралы World of NAN порталы облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Министр тыңайтқыштарды субсидиялаудағы өзгерістер егін түріне емес, шаруашылық түріне қарай әзірленіп жатқанын айтты. Сондай-ақ жүгері субсидиясының түрі бұрынғы форматына оралмайды, өйткені ол бұрын тиімсіздігін көрсетті.

«Биылдан бастап жұмысымызды жаңаша ұйымдастырамыз. Бұл ретте біз дәнді дақылдарды әртараптандыруға көшуіміз керек. Яғни, бидай, жүгері көлемін азайтып, күнбағыс, мақсары, рапс сияқты тиімді майлы дақылдарға, сондай-ақ қант қызылшасын өсіруге бейімдеуіміз керек», - деді министр.

Айта кетерлігі, қазір облыста жүгері дақылдарын өткізуде күрделі мәселелер туындап отыр. Жүгері Ресейден төмен бағамен әкелінеді, әлемдік нарықта бағасы арзандап, шаруалар егінді не істерін білмей дал. Соған қарамастан билік көмектесуге уәде берді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии