Мәзір

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақмола облысындағы егін жинау науқанының барысымен танысты

28.08.2020
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақмола облысындағы егін жинау науқанының барысымен танысты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Бұланды ауданының ірі аграрлық кәсіпорны – «Журавлевка-1» ЖШС жұмысымен танысты, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егін жинау жұмыстарының барысын тексерді

«Журавлевка-1» ЖШС негізінен дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік дақылдар мен көкөністердің өндірісімен айналысады.

Кәсіпорын директорының міндетін атқарушының айтуынша, ағымдағы жылы шаруашылықтың егіс алқабы 59 мың га құрайды. Оның  33,5 мың гектарына бидай, 12 мың га астам жерге арпа, 1 362 га сұлы, 1 543 га күнбағыс, 3 969 га зығыр, 4 879 га рапс, 110 га картоп пен көкөністер, 1 120 га жемшөп дақылдары егілген.

«Барлық жұмыстар барынша механикаландырылған және заманауи кешендермен жүргізілуде. Шаруашылық топырақты минималды және нөлдік өңдеуді қолға алған, органикалық және минералды тыңайтқыштар қолданылады. Қуатты тұқым тазарту кешені бар», - деді Темірболат Андаров.

Сондай-ақ, серіктестіктің қарамағында 20 дестелегіш және 152 астық жинау комбайн мен трактор бар. Барлық техника егін жинау науқанына толық дайын.

Сонымен қатар, «Журавлевка-1» ЖШС мал шаруашылығын табысты дамытуда. Қазіргі уақытта 260 бас қой, 259 бас жылқы және 1547 бас ірі қара, негізінен қазақтың ақ бас тұқымы өсірілуде. Мал жаю үшін 15,7 мың га жайылымдық жер бар.

Шаруашылықта 250 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы және шағын мал сою пункті жұмыс істеп тұр.

Компанияға облыстың 600-ден астам тұрғыны жұмысқа орналастырылған, орташа айлық жалақы 160 мың теңге деңгейінде.

Бүгінде республика бойынша 3,7 млн гектардан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы егін жинау алаңының 23,6% жиналды, ал өткен жылы осындай күні 3,1 млн. га немесе 20,1% жиналған еді. Орташа өнімділік гектарына 13,1 ц болғанда 4,9 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы - 3,7 млн тонна).

Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін еліміздің фермерлерінің иелігінде 145 мың трактор, 75 мың трактор тіркемесі, 38 мың астық жинайтын комбайн, 15 мың дестелегіш, 39 мың жүк көлігі бар.

Егінді уақтылы жинау үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 395 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. ҚР Энергетика министрлігі тамыз айына Мұнай өңдеу зауытынан орташа нарықтық бағасы 178 мың теңге/тонна немесе 147 теңге/литр деп белгіленді.

Операторлардың шығындарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне үшін орташа баға 168 теңге/литрді құрайды (нарықтық бағадан 10% арзан).

Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии