Мәзір

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров азаматтарды қабылдады

01.06.2020
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров азаматтарды қабылдады

Карантин режиміне байланысты азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау онлайн форматта өтті

 Қабылдауға Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстарының, сондай-ақ Нұр Сұлтан мен Алматы қалаларының тұрғындары жазылған. Министрге қойылған сауалдардың басым көпшілігі орта және шағын ауыл бизнесіне жеңілдетілген несиелер мен субсидиялар беру турасында болды. Азаматтарға мал өсіруді қолдау, сүт фермаларын құру және ет өңдеу бойынша іске асып жатқан бағдарламалар мен олардың шарттары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Фермерлер тарапынан сұрақтармен қатар шағымдар да айтылды. Мәселен, Семей қаласындағы «Ақ нан» ЖШС-нің сатып алу жөніндегі менеджері Дархан Төлепберген, министрден астық пен күнбағыс тұқымдарының экспортына шектеулер қашан алынып тасталатынын сұрады.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аграрлық-экономикалық институтының профессоры Жұмабай Аленов, Министрлік студенттерге ауылшаруашылық мамандықтары бойынша оқу гранттарын қашан бөле бастайды және министрліктің ауылшаруашылық ғалымдарына қандай көмек көрсететіні туралы сұрады. Сонымен қатар, профессор аграрлық секторда жұмыс істегісі келмейтін студенттерге  мемлекеттік грант бөлудің тиімсіз екенін тілге тиек етті. Өз тәжірибесінен мысал келтіріп, бүгінде 100 түлектің тек 10-ы ғана аграрлық салада жұмыс істейтінін ашық айтты.

Одан кейін министрге ақтаулық зейнет демалысындағы агроном Кенжебек Сариев сұрақ қойды. Ол «ҚазАгро» қаржы институты  кепілге мүлік  талап етіп, несие бермей, ал уәкілетті ұйымдар 127 миллион теңге тұратын жылыжай кешенін беруден бас тартып отырғанына шағымданды. Агрономның айтуынша, нысан иелері оны нашар күйге жеткізген. Қазір жылыжайлар жұмыс істемей қалды деді. Кенжебек Сариев қазіргі жылыжай иелері оларды Көкшетаудан қашықтан басқарады дейді. Бұл жағдай шаруашылықтың құлдырауына себеп болуы мүмкін. Зейнеткер істі өз қолына алғысы келетінін, ол жылыжай шаруашылығын өзгелерден артық жүргізе алатынын сөз етті. Зейнеткердің айтуынша, оның мәселесі қалай шешілсе де, кез-келген жағдайда, ауылшаруашылық нысандарын жергілікті тұрғындарға беру керек, ал басқа аймақтардың тұрғындарына рұқсат берерде өте мұқият болу керек. 

Түркістан облысынан сұрақ қойған көпбалалы ананың да сауалы тыңдалды. Ол қырыққабат өсіретін фермерлерге енді қандай қолдау болатынын сұрады.

Барлық сұрақтарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жан-жақты жауап берді. Қандай да бір түйткілді мәселе туындаған жағдайда ұсыныстар мен сұрақтарды жазбаша жолдауға болатынын, оны өз бақылауына алатынын айтты.

Ақпарат көзі: www.gov.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии