Мәзір

Министр Ақмола облысына барып көктемгі егіс жұмыстарын тексерді

22.04.2020
Министр Ақмола облысына барып көктемгі егіс жұмыстарын тексерді

ҚР Ауыл шаруашлығы министрі Сапархан Омаров Ақмола облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаевпен бірге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің блок-бекеттерден кедергісіз өтуін, аймақтағы көктемгі егіс жұмыстарының жүргізілу барысын тексерді.

Облыс әкімінің айтуынша, ауыл шаруашылығы техникасының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұқымды, жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектерді жеткізу үшін облыста арнайы «қозғалыс алгоритмі» әзірленген.

Блок-бекеттердегі кептелісті болдырмау үшін жауапты мекемелер шаруаларға өтінімді толтыруға және ол тізімді өкілетті органдарға беруге көмек көрсетеді.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу мен қызмет көрсетуді, тұқымдық материалды, ЖЖМ, ауыл шаруашылығы техникалары үшін қосалқы бөлшектерді, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарын, ветеринариялық препараттарды және биологиялық материалдың сынамаларын жеткізуді жүзеге асыратын отандық және шетелдік компаниялардың көліктерінің «жасыл дәліз» арқылы жүруі ұйымдастырылған.

Жергілікті жерлерде көктемгі егіс жұмыстарына қызметкерлерді орталықтандырылған түрде бірыңғай жеткізу мәселелері шешілуде.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, ағымдағы жылы аймақта 4,9 млн гектарға жуық алқапқа жаздық егін егу жоспарланған. Оның 4 млн 438 мың гектарына бұршақты және дәнді дақылдарды себіледі. Бұл ретте 3 млн 734 мың гектар немесе егіс алқабының барлық көлемінің 77 пайызына өңірдің негізгі азық-түлігі - жаздық бидай егіледі. Жергілікті атқарушы органдар бидай алаңы айтарлықтай кеңейіп, 2019 жылға қарағанда 150 мың гектарға артық егіледі.

700 мың гектардан астам жерге - арпа, сұлы, жасымық және бұршақ егіледі. Майлы дақылдарды 254 мың гектарға (2019 жылға қарағанда 600-ге артық), азықтық шөпті 181 мың гектарға (3 мыңға жуық артық) орналастыру жоспарлануда, картоп және көкөніс алқабын 2 мың гектардан 20 мыңға дейін кеңейтеді.

Өңірде көктемгі егіс науқанына дайындық белсенді жүргізілуде, бүгінде тұқым, тыңайтқыштар мен техника толығымен дайын.

Жұмыс сапары барысында министр С.Омаров Ақмола облысының бірқатар фермерлік шаруашылықтарын, атап айтқанда Ақкөл ауданында – «Еңбек» ЖШС, Бурабай ауданында – «Абдрахманов» ЖК және «Журавлевка-1» ЖШС аралады.

«Еңбек» ЖШС-де бидай, арпа, жасымық, қарақұмық, бұршақ, жүгері, зығыр және түрлі азықтық дақылдар егетін 32 мың гектарға жуық алқап, «ҚазАгро» қаржылық қолдауымен сатып алынған «PETKUS» тұқымды кептіру қуатты кешені бар.

Ағымдағы жылы серіктестік 13 мың гектарға, оның ішінде 11,6 мың гектарға дәнді және бұршақты дақылдар, 100 гектарға майлы дақылдар, 1 200 гектарға азықтық дақылдарын егуді жоспарлап отыр.

«Журавлевка-1» ЖШС дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды өсіреді. Өткен жылы мұнда 34 мың тоннадан астам өнім алынды.

Шаруашылықта 54 мың гектар жер бар, оның ішінде 40 мың гектардан астам егістік алқабы. Ағымдағы жылы серіктестік 31 мың гектардан астам жерге, оның ішінде 7,7 мың га – бидай, 12,8 мың га – арпа,  5,8 мың га – рапс, 4,4 мың га – зығыр егуді жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда компания егіс жұмыстарын жүргізуге толық дайын.

Ақпарат көзі: www.gov.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии