Мәзір

Министрлік аймақтарды субсидиялау тәсілдерін қайта қарауы керек – Эльдар Жұмағазиев

24.07.2023
Министрлік аймақтарды субсидиялау тәсілдерін қайта қарауы керек – Эльдар Жұмағазиев

Атырау облысында азық-түліктің импорты 70%-ға дейін жетеді, ол негізінен Ресейдің жақын аймақтарынан әкелінеді. Осылайша өңір шетелдік фермерлерді «қоректендіріп» отыр. Amanat  партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев отандық өндірісті дамытудың маңыздылығын айтты. Бұл туралы World of NAN порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Amanat партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Атырау облысы ең табысты өңір екенін, бірақ өкінішке қарай табыстың көп бөлігі қайта айналымға түспестен шетелге ағып кетіп жатқанын айтты. Сол себепті ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялау саясатын қайта қарастыруы керек деп санайды.

«Ең өзекті мәселе - субсидиялау саясаты қаншалықты тиімді? Ауыл шаруашылығы министрлігінің саясаты барлық өңірлер үшін бірдей ереже. Ал табиғи-климаттық жағдайы қолайсыз аймақтарға ерекше көзқарас қажет деп есептейміз. Қараңызшы, қазір Атырау облысында азық-түліктің 70%-ға дейінгі көлемі негізінен Ресейдің көршілес облыстарынан импортталады. Бұл ресейлік фермерлерді қоректендіріп отырғанымыз ба? Қалай болғанда да, азық-түлік өнімдерін өзімізде өндіруге көшу керек», - дейді Жұмағазиев.

Ол облыстың отандық өніммен қамтамасыз етілмеу мәселесін ескере отырып, Атырау облысында ауыл шаруашылығын, тамақ және балық өнеркәсібін, машина жасауды дамыту бағдарламасын әзірлеу қажеттігін қосты.

Сонымен қатар, жергілікті шаруалар атап өткендей, жанармай бағасының жоғары болуы бизнестің дамуына кедергі келтіреді. Кәсіпкер Еркебұлан Кенжеғалиев жем-шөп өндірушілерге жеңілдетілген бағамен дизель отынын бөлу туралы ұсыныс жасады. Ал Атырау қалалық мәслихатының депутаты Рафик Сәрсенов бүкіл ауыл шаруашылық техникасы паркінің айтарлықтай тозып, тозған техниканың көлемі 76 пайызға жеткеніне назар аударды.

«Технологиялық жаңару нормасы 6-8% болғанда, 2022 жылы ауыл шаруашылығы техникасын жаңартудың нақты деңгейі 4,4%-ды құрады. Соңғы 2 жылда техника құнының өсуі байқалады. 2023 жылға лизингке бөлінген 170 млрд теңге саланың қажеттілігін толық жаппайды. Біз жаңа техниканы лизинг арқылы алу уақытын 15 жылға дейін созуды (өазір бұл 10 жыл),  ал қолданылған техникаға лизингті  10 жылға дейін ұзартуды (қазір 7 жыл) ұсынамыз», - деді ол.

Бұған жауап ретінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның жыл сайын 30 миллиард теңгеге дейін ұзақ мерзімді бюджеттік несиесі қарастырылғанын айтты. Бұл ақша Қазақстанда жасалған ауылшаруашылық техникасын алуға жұмсалады.

Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Азамат Бейспеков отандық машина жасауды қолдау мақсатында машина жасауды дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспары әзірленгенін қосты. Құжатта отандық кәсіпорындарға «ДАМУ» КДҚ АҚ арқылы машина жасау саласындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруге субсидия мен кепілдіктер берілетіні айтылған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии