Мәзір

Министрлік өкілі Жамбыл облысындағы төтенше жағдайдың көлемі туралы айтты

24.08.2023
Министрлік өкілі Жамбыл облысындағы төтенше жағдайдың көлемі туралы айтты

Бүгін Өңірлерде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және кооперация басқармасының басшысы Олжас Тілебалдинның айтуынша, құрғақшылықтан 350-ге жуық фермер зардап шегіп, 7,8 мың гектар жерге егін шықпай қалған. Ол мұндай деректі Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты, деп хабарлайды World of NAN.

Жамбыл облысындағы құрғақ ауа райы мен көршілес Қырғызстаннан келетін судың тоқтауына байланысты, облыс аумағындағы егістік жерлерге елеулі зиян тиді.

«Жамбылдағы құрғақшылықтан Қырғызстаннан келетін су көлемінің аз болуына байланысты 350-ге жуық шаруа зардап шекті. 7,8 мың гектар жерге егін шықпай қалды. Онда жүгері және қант қызылшасы өсірілген», – деді Олжас Тілебалдин.

Қазір Жамбыл облысы әкімдігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, шығынды есептеп жатыр.

«Шаруалардың шығындарын және мемлекет алдындағы бұрынғы берешегін өтеп беру, кредитін одан әрі ұзарту және субсидияны тезірек төлеу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе премьер-министрдің назарында. Бұл жұмыс күздің соңына дейін аяқталады», – деді министрлік қызметкері.

Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, шығынды есептеу мен субсидияны беруге жергілікті атқарушы билік жауап береді. Осыған дейін Жамбыл облысындағы 6 ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии