Мәзір

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық саладағы ІТ жобаларды Өзбекстан АШМ басшысына таныстырды

18.11.2019
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық саладағы ІТ жобаларды Өзбекстан АШМ басшысына таныстырды

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрлері Гүлмира Исаева және Нұрбек Дайырбеков Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Ходжаев бастаған делегациямен кездесті.

Кездесу барысында вице-министрлер қонақтарды Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыру жобаларымен, ауыл шаруашылығы жерлерінің кадастры, электрондық астық қолхаттарының сервисі, электрондық субсидиялау және сақтандыру, сандық және спутниктік жер мониторингі енген QOLDAU сандық платф ормасымен, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің Ахуалдық орталығымен таныстырды.

Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері электрондық аграрлық қолхаттарды енгізу, жануарлар мен азық-түлік тауарларын қадағалау тұжырымдамалары, bidaicoin токенімен (платформа ішіндегі сандық есеп бірлігі) танысты.

Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Ходжаев әріптестеріне алғысын білдіріп, қазақстандық мамандардың қолдауымен Өзбекстанда осындай платформа құруды ұсынды.

Кәсіпкерлерге арналған QOLDAU сандық платформасы 2016 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен пайда болды. Үкімет қаулысы бойынша астық қолхаттарын тіркеуші «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ жасап шығарған болатын. Аталмыш сандық қызмет көрсету жүйесін құруға бюджеттен қаражат тартылмады.

Қазіргі уақытта платформаны 170 мыңнан астам шаруа, тыңайтқыш, тұқым, гербицид өндірушілері, сондай-ақ сақтандыру компанияларының, банктердің, несиелік серіктестіктердің, мемлекеттік органдардың және т. б. қызметкерлері пайдаланады.

Платформада 25 млн. гектар егістік және 60 млн. гектар жайылым цифрландырылған. Сервистің көмегімен 150 млрд. теңгеден астам субсидия төленді, 38 млн тоннадан астам астық сатылды. Платформадағы деректер QazChain қосымша платформасында blockchain технологиясының көмегімен тіркеледі.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии