Мәзір

Бидайдың сатылымдағы бағасы айтылды

22.09.2020
Бидайдың сатылымдағы бағасы айтылды

Күнбағыс пен қарақұмықтың сатып алу бағалары осы дақылдарды жинап болғаннан кейін белгіленетін болады

ҚР Ауыл шаруашлығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидайдың сатып құнын белгілегенін атап өтті.

«Нарықтағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ бидайды сатып алу бағаларын сапасына қарай тоннасына 83-87 мың теңге дәлізінде, 4-сыныпты бидайға – 78 мың теңге, 2-сыныпты арпаға – 50 мың теңге деңгейінде белгілеуді ұсынады, Бұл ретте сатып алу бағасын белгілеу кезінде отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудан басқа ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі де ескерілді», - деді С.Омаров.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көптеген өтініштері бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асырды, оны өткізу үшін республикалық бюджеттен 24,5 млрд. теңге бөлінді. Бүгінде форвардтық сатып алу әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен жүзеге асырылды, 516 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға келісімшарт жасалды.

Еске салсақ, бүгінде республика бойынша барлығы 14,8 млн. гектардан (93,4%) астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Гектарына орташа есеппен 12,3 центнерден жинағанда 18,2 млн. тонна астық бастырылды (2019 жылы – 11,4 млн. тонна).

Ақпарат көзі: www.gov.kz/memleket/entities/moa


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии