ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген жаңа заң аясында егістіктерді міндетті сақтандырудың тиімсіз жүйесінің күші жойылды.
Құжатта ауыл шаруашылық саласы өкілдерін қолдау мақсатында бірнеше нақтылы шаралар қарастырылып, шаруалар үшін міндетті сақтандырудан ерікті сақтандыруға көшу жүйесі енгізіліп отыр.
Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, еліміздегі міндетті сақтандыру жүйесі осыдан 15 жыл бұрын «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» заңымен енгізілген болатын. Аталмыш заң ауыл шаруаларына егіс алқаптарын сақтауға және жойылған жағдайларда шығындарды өтеуге бағытталған болатын. Алайда, бұл жүйе ауыл шаруаларын сақтандыру жағдайларының ең төменгі өндірістік шығындарын өтей алмай, іс-жүзінде өзіне жүктелген міндеттерді толық орындай алмады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардан келіп түскен өтініштерді ескере келе, ауыл шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін өзгертудің жаңа тетіктерін әзірледі.
Бұл өзгерістер 2019 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Нәтижесінде, 2020 жылғы қаңтар айынан бастап «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңы өз күшін жояды және өсімдік және мал шаруашылығы салаларында міндетті сақтандырудан ерікті сақтандыруға көшу жүзеге асырылады.
Қабылданған сақтандырудың жаңа жүйесі ауыл шаруашылығы субъектілерін қолдаудың нақтылы бағыттарын айқындап отыр. Атап айтқанда, министрлік енді сақтандыруды субсидиялаудың орнына сақтандыру полистерін алуды субсидиялау жүйесін енгізді. Бұл фермерлерлердің шығындарын азайтып, сақтандыру жүйесі мен сақтандыру қаржыларын алу жүйесін ашық етеді.
Сондай-ақ, министрлік фермерлерге екінші деңгейлі банктерден несиелер алу барысында сақтандыру полистерін кепілдік ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін нормаларды қарастырып отыр.
Айта кету керек, ерікті сақтандырудың жаңа жүйесі электрондық платформада жұмыс істейтін болады. Сақтандыру келісім-шарттарын жасау, субсидиялау, сақтандыру жағдайының орын алуы фактілерін анықтау және сақтандыру төлемдерін төлеу ақпараттық жүйе арқылы жүргізілетін болады. Бұл тәуекелдерді басқарудың ашық жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение