ҚР АШМ ұн экспортына салынған тыйымды алып тастап, астықты шетке шығаруға шектеу енгізеді
Еліміздің астыққа деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында (оның ішінде азық-түлік көлемін сақтау және тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу үшін) ҚР АШМ төтенше жағдай кезінде бидай экспортына шектеу енгізеді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ҚР АШМ ұнды экспорттау бойынша тыйымды алып тастап, оның орнына ұнды республикадан тыс жерге шығаруға шектеу қояды.
Осыған орай, енді бидай мен ұн экспорты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ай сайынғы белгілеген квота шеңберінде жүзеге асырылады.
Квоталарды бөлу мен олардың көлемі алдағы уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет ресурсында орналастырылады.
Сондай-ақ, ҚР АШМ баспасөз қызметі республикада қанша астық көлемі бар екенін жариялады.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 1 наурызындағы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда 9,2 млн тонна, оның ішінде азық-түлік – 6,4 млн тонна, тұқымдық – 1,5 млн тонна, жемдік – 1,3 млн тонна астық бар.
Ақпарат көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение