Мамыр айында азық-түлік тауарлары сәуірдегі бағамен салыстырғанда 0,9 пайызға өсті. Дегенмен азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайызға төмен. Бұл жөнінде World of NAN ФАО-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Астық дақылдарының бағасы мамырда сәуірмен салыстырғанда 6,3 пайызға өсті. Бұған бидайдың әлемдік экспорттық бағасының өсуі әсер етті. ал бидайдың қымбаттауы негізгі өндіруші аймақтардағы қолайсыз егін жағдайларына қатысты ұлғайып келе жатқан алаңдаушылықты көрсетеді. Жүгері экспортының бағасы да көтерілді, бұған Аргентинадағы спироплазма ауруы, Бразилиядағы қолайсыз ауа райына байланысты өндіріс проблемалары, сондай-ақ Украинадағы шектеулі сату белсенділігі әсер етті. Күріш бағасының индексі мамырда 1,3 пайызға өсті.
Ал сүт өнімдері бағасының индексі сәуір айынан бастап 1,8 пайызға өсті, бұған жазғы демалыстар алдындағы сұраныстың өсуі және Батыс Еуропадағы сүт өндірісі тарихи деңгейден төмен түсуі мүмкін деген нарықтың күтуі ықпал етті. Сүт өнімдері бағасының өсуіне Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың кейбір елдерінен импортқа сұраныстың артуы да әсер етті.
Қант бағасының индексі сәуір айынан бастап 7,5 пайызға төмендеді, өйткені Бразилияда маусым жақсы басталған еді. Әлемдік шикі мұнай бағасының төмендеуі қант бағасына да қысым жасап, сұранысты азайтты. Өсімдік майы бағасының индексі сәуірмен салыстырғанда 2,4 пайызға төмендеді.
Ет бағасы 0,2 пайызға төмендеді, құс еті мен ірі қара малдың халықаралық бағасы арзандады, жұмыртқа мен шошқа етінің бағасы көтерілді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение