Биология ғылымдарының докторы Меруерт Құрманбаева 2023 жылғы мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері қатарында болды, ол көпжылдық бидайды интродукциялау жобасын ұсынған. Бұл туралы World of NAN порталы Ғылым министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жобаның мақсаты – экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді көпжылдық бидайды нарыққа шығару. Жоба жетекшісінің айтуынша, қазіргі уақытта біржылдық бидай мол өнім алғанымен, топырақтың бүлінуіне әсер етіп жатыр. Сонымен қатар, біржылдық бидайды егу кезінде жыл сайын қыруар қаржы кетеді. Ал Меруерт Құрманбаева ұсынған көпжылдық бидай топырақты эрозиядан сақтайды және жыл сайын жерді жыртып, дән себуді қажет етпейді.
«Қазақстанның ұлттық брендтерінің бірі – бидай. Көпжылдық бидай бір рет егіледі, 5-6 жыл өнім береді. Бұл еліміз үшін өте тиімді. Қазіргі уақытта дүние жүзінде қырықтан астам ғылыми орталықтар көпжылдық дақылдарды зерттеумен айналысады. Алғаш рет Қазақстанда көпжылдық бидайды зерттедік. Жобаның нәтижелері нарықта сұранысқа ие болатынына сенімдіміз», - деді ғалым.
Көпжылдық дақылдардың біржылдық дақылдардан артықшылығы - олардың тамыр жүйесі жақсы дамыған. Сонымен қатар, олар топырақтың сапасын жақсартуға, көміртекті сіңіруді арттыруға және судың енуін қамтамасыз етуге үлкен әсер етеді.
Бүгінде ҚазҰУ ғалымдары ғылыми жобаға патент алды. Қазіргі уақытта коммерцияландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение