Мәзір

Жастар ауылшаруашылық білімін тегін де алғысы келмейді

15.11.2021
Жастар ауылшаруашылық білімін тегін де алғысы келмейді

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаевтың сауалына жауап бере отырып, ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша кадрлар даярлау қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды World of NAN.

Премьер-министрдің ақпараты бойынша, ауыл шаруашылығы саласында кадрлар даярлауды елдің 25 жоғары оқу орны (ЖОО) және ауылдық жерлерде (ТжКБ) орналасқан 169 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жүзеге асырады. Ауыл шаруашылығы бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша («Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария») жоғары оқу орындарында 8 мыңнан астам студент білім алуда, оның ішінде 7 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде. ТжКБ ұйымдарында 38 мың адам оқиды, оның ішінде 35,9 мың адам, яғни 94% мемлекеттік тапсырыс бойынша.

«Ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс жыл сайын бөлінеді. 2021 жылы «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» мамандықтарына 2920 грант, өткен 2020 жылы – 2720 грант бөлінді. Бұл ретте аталған мамандықтар бойынша гранттар толық көлемде игерілмейді. 2019-2021 жылдары аталған бағыттар бойынша игерілмеген білім беру гранттарының саны – 3778 бірлікті құрады. Сондай-ақ, «Мәңгілік ел жастары-Индустрияға!»(«Серпін») 2021 жылы 5 656 гранттың 2102-сі ғана (37%), 2020 жылы – 5 107 гранттың 979-ы (19%) игерілді», - деп көрсетілген Асқар Маминнің депутаттық сауалға берген жауабында.

Үкімет басшысы 2017 жылдан бастап заңнамалық деңгейде жергілікті атқарушы органдардың гранттар бөлу нормасы бекітілгенін айтты. Аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы балаларды, оның ішінде ауыл балалары үшін қолдау мақсатында 2017-2021 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органдар 8 мыңнан астам грант бөлді. Бұдан басқа, қолданыстағы заңнама шеңберінде ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға оқу орындарында оқу үшін бекітілген мемлекеттік тапсырыстың 30% мөлшерінде квота көзделген. 

Айта кету керек, өңірлердің әкімдіктері мен оқу орындарының қабылдау комиссиялары азаматтарды ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқытуға тарту бойынша белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Алайда, игерілмеген гранттар статистикасы көрсеткендей, бүгінде ел жастары ауыл шаруашылығы мамандықтарын алуға және ауылда жұмыс істеуге ұмтылмайды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии