Мәзір

Министрлік ауыл шаруашылығы маусымының есебін жариялады

30.12.2020
Министрлік ауыл шаруашылығы маусымының есебін жариялады

Елімізде диқандар 20,8 млн тонна астық жинады, ал мал басы шамамен 9,5%-ға өсті, – деп хабарлайды World of NAN АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдағы егін егу және жиын-терін маусымындағы қиын жағдайға қарамастан, диқандар 20,8 млн тонна астық көлемінде мол өнім алған. Мамандар сөзінше, бұл республиканың ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанның астық державасы ретіндегі мәртебесін сақтай отырып, белгілі бір астық көлемін экспортқа жөнелтуге мүмкіндік береді екен.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алынған астық жоғары сапалы. Бидайдың жалпы көлемінің 80%-ы 1-3-ші санаттарға жатқызылған. 2019 жылы бұл көрсеткіш 53%-ды құраған екен.

«Ағымдағы жылдың ауыл шаруашылығы маусымының қорытындысы бойынша 4 млн тонна картоп, 4,3 млн тонна көкөніс, 2,5 млн тонна бақша дақылдары мен 297,2 мың тонна мақта, 2,5 млн тонна май дақылдары жиналды. Қазақстанда мал басы орташа есеппен 9,5%-ға артты. Ірі қара мал саны 8,6%-ға, жылқы –11,7%-ға, қой мен ешкі – 7%-ға өсті», – делінген хабарламада.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии