Суару маусымы басталғалы Қазақстанда 12 мың фермерге 1,96 млрд текше метр су берілді, суару кезеңі тұрақты кестеге сәйкес жалғасып келеді. Бұл туралы World of NAN су министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Биыл «ҚазСуШар» 790 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптарын суару үшін 12 миллиард текше метр су жіберуді жоспарлап отыр. Оның 7,3 млрд-ы республиканың оңтүстік өңірлеріне тиесілі.
Бүгінгі таңда кәсіпорын филиалдары суармалы суды жеткізу бойынша фермерлермен 18 758 келісім-шарт жасасқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға артық.
Суару маусымына дайындық аясында 83 өлшеуіш станса жөнделіп, қалпына келтірілді, 775 өлшеуіш бекет аттестациядан өтті.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение