Мәзір

Асыл тұқымды мал шаруашылығына қосымша 30 млрд теңге бөлінді

27.11.2023
Асыл тұқымды мал шаруашылығына қосымша 30 млрд теңге бөлінді

Үкімет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету үшін резервтен 30 млрд теңге бөлді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Бұл туралы World of NAN порталы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Үкіметтің мәліметінше, бұл шара мал өсірушілер алдындағы субсидиялар бойынша берешекті өтеуге мүмкіндік береді.

Құжатта Ауыл шаруашылығы министрлігіне Абай, Жетісу, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділік пен өнім сапасын арттыруды субсидиялауға нысаналы трансферттер түрінде 30 млрд теңге бөлу туралы жазылған.

Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігіне ең көп қаражат – 7,8 млрд теңге бөлініп отыр. Жамбыл облысына 5 млрд теңге, ШҚО-ға 4,5 млрд теңге, БҚО мал өсірушілеріне 1 млрд теңге бағытталыпты.

Сонымен қатар, жақын арада инвестициялық субсидиялар және несие мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауға қосымша 30 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Үкімет резервінен миллиардтаған қосымша қаржы бөлінгеніне қарамастан, мемлекет субсидиялық міндеттемелерінің барлығын жыл соңына дейін жаба алмайтыны белгілі болып отыр. Өткен аптада Ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапаров мемлекеттің 65 млрд теңге көлеміндегі субсидиялық берешегі келесі жылдың бюджетінен өтелетінін айтқан еді.   


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии