Мәзір

Нарықтағы жағдай бірқалыпты

08.01.2024
Нарықтағы жағдай бірқалыпты

World of NAN редакциясының сарапшысы әлемдік ауылшаруашылығы нарығының 25 желтоқсан – 5 қаңтар аралығындағы жағдайына кішігірім шолу жасады. 

Әлемдік нарықтар католиктік Рождество мерекесіне және жаңа жылдың бірінші күніне байланысты жабылып, соған орай нарықтағы бағалар іс жүзінде өзгеріссіз қалды. Әлемде кейінгі екі аптада бидай бағасы жалпы алғанда бұрынғы деңгейінде қалды. Чикагодағы жұмсақ бидайдың бағасы бар болғаны 0,1%-ға өсіп, тоннасына 227 долларды құрады. 22-28 желтоқсан аралығында АҚШ-тан 273,7 мың тонна бидай экспортталды, бұл өткен аптамен салыстырғанда 188 мың тоннаға аз, бірақ өткен жылдың сәйкес кезеңінен үш еседен астам жоғары. 2023 жылдың басынан бері 9,64 млн тонна экспортталған, бұл өткен маусыммен салыстырғанда 19%-ға аз. Аргентинада 15,1 млн тонна бидай жиналады деп күтіліп отыр (өткен жылғы көрсеткіштен 2,7% жоғары). 

Қара теңіздегі ресейлік бидайдың экспорттық бағасы өзгеріссіз қалып, тоннасына 250 долларды құрады. Дегенмен жаңа жылдық мерекелердің жалғасуына байланысты ресейлік 2024 жылғы нарық әлі ашылмаған. ETS Қазақстан тауар биржасының мәліметтері бойынша, 23-24% клейковинасы бар 3-класты жұмсақ бидайдың сауда-саттық бағасы өзгеріссіз қалды және тоннасына ₸135 мыңды құрады. Айта кетейік, 26 желтоқсанда клейковинасы 25-26% және 27% бидайдың екі түріне тоннасына ₸136 мың бағамен мәмілелер жасалған. Екінші түрі бойынша транзакция көлемі 111,8 млн ₸ немесе 822 тоннаны құрады.

Қант бірнеше апта қатарынан құлдыраудан осы осы екі аптада 3,1%-ға қымбаттады. Лондонда бір тонна қанттың бағасы 608 долларға дейін көтерілді. Қант зауыттары федерациясының мәліметтері бойынша, Үндістандағы қант өндірісі төртінші тоқсанда 11,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға аз. Сондай-ақ, муссондық кезеңдегі жауын-шашынның кейінгі 5 жылдағы ең аз мөлшері болғаны атап өтілді. 2024 жылдың бірінші аптасында мұнай бағасының көтерілуі қант бағасына да оң әсер етті, өйткені бұл қанттың орнына этанол өндірісін ынталандырады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии