Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы жылы дәнді дақылдардың жалпы түсімі 12,9 миллион тоннаға азаяды деп болжап отыр, деп хабарлайды World of NAN.
Көрші мемлекет биыл 132 миллион тонна астық жинауды жоспарлап отыр. Ресейде майлы дақылдар өндірісі – 29,9 млн тоннадан 28 млн тоннаға және қант қызылшас – 53,1 млн тоннадан 47 млн тоннаға дейін төмендеуі күтілуде.
Бұл ретте елімізде мал шаруашылығы өнімдерін өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға арттыру жоспарланып отыр.
Тұтастай алғанда, Ресей Федерациясында 2024 жылы ауыл шаруашылығы өндірісі 2023 жылмен салыстырғанда 2,9% төмендейді. Министрлік өндірістің қысқаруының бір себебі ретінде 2023 жылдан бергі жоғары базаны атайды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение