Желтоқсан айының бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күздік дақылдар егілетін аймақтарда температуралық фон негізінен нормадан жоғары болды, жауын-шашын нормаға жақын, кей жерлерде нормадан көп түсті. Бұл туралы World of NAN порталы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ауа температурасының түнде минус 6-12°С, кей жерлерде минус 18-21°С (Жетісу облысында) дейін төмендеуі, кей жерлерде қар жамылғысының болмауы оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күздік дақылдардың қатып қалуына әкелуі мүмкін. Бақыланған аумақтардың барлығында ауаның орташа тәуліктік температурасының төмендеуі күздік бидайдың вегетациялық кезеңінің тоқтауына әкелді.
Күздік бидайдың түптену буыны терңдігіндегі топырақтың ең төменгі температурасы негізінен оң болды, топырақтың қатуы байқалмады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение