Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің екінші курс студенті Асқар Рахым тәтті жүгерінің жаңа сортын жасап шығарды. Бұл туралы World of NAN ғылым министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жас ғалым Асқар Рахым селекция ғылымына оқушы кезінен қызығушылық танытқан. Ол сары жүгерінің түрлі-түсті сортын алу үшін 7 сыныптан бастап іздене бастады. Жүгеріге жасаған селекцияны ғылыми тұрғыда жетілдіру мақсатында Жетісу университетінің Жаратылыстану жоғары мектебінің агрономия мамандығына арнайы оқуға түсті.
Ол білім ордасында жас ғалымдарды қолдауға бағытталған «Jas galym» байқауына қатысып «Sweet Rainbow» жобасын ұсынды. «Түрлі-түсті жүгері өсіруді әлемнің көптеген елдері белсенді түрде тәжірбиеге енгізуде. Мексикада ақ, қара, күлгін, кемпірқосак түсті жүгерілер өсіріледі. Мұндай жүгерілер кәдімгі сары жүгерімен салыстырғанда көптеген қасиеттерге ие. Бірақ әлемдік аналогтар мал азығы (жем) ретінде пайдаланылады. Ал, мен жасаған түрлі-түсті жүгері жеуге жарайтын қасиетімен ерекшеленеді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті антиоксидант, каротин, ақуыз сынды дәрумендер бар. Жүгерінің тұқымын шағылыстыру арқылы 5 жылдың ішінде тәтті, түрлі-түсті жаңа тұқым алдым»,- дейді Асқар Рахым.
Асқардың ендігі жоспары тағам ретінде пайдалануға болатын жүгерінің жаңа тұқымын көбейтіп, өсіру. Оның өнімділігін арттыру үшін жүгерінің «Үш тәтті» атты сортымен будандастырып, жаңа тұқымға патент алу. Одан соң «Тәтті кемпірқосақ» жүгерісін нарыққа шығару.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение